Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 114/нс · қабылданған 17.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2022-no-594/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 114/нс ·17.08.2024
17.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 114/нс · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 21 июля 2022 года № 594/нс-па «Об утверждении положений о территориальных органах Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
114/нс
Қабылданған күні
17.08.2024
Көрсетілген редакция
17.08.2024 199932_716965.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24KN000114
ЭКБ идентификаторы
199932
Редакция идентификаторы
199932_716965
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:02

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 594/қе-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 170029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ереженде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Алакөл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Алакөл ауданы;
2) Алакөл аудандық бөлімінің Достық бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Достық ауылдық округі;
3) Қаратал аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Қаратал және Көксу аудандары;
4) Панфилов аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Панфилов ауданы;
5) Панфилов аудандық бөлімінің Қорғас бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысы Панфилов ауданының Атамекен және Басқұншы ауылдық округтері;
6) Сарқан аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандары;
7) Текелі қалалық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Жетісу облысының Текелі қаласы, Ескелді және Кербұлақ аудандары.».
14-тармақтың 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы, отыз жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Департамент қызметкерлеріне арнайы тексеру жүргізу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкерлер ретінде тарту;»;
14-тармақтың 2) тармақшасында:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;»;
он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк қызметке алғаш рет немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейiн оған қайта кіретін, сондай-ақ судья, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік саласында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын авиация инспекторы лауазымына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, шекте және тәртіптен міндетті арнайы тексеру жүргізу;»;
жиырма үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Департаменттің жедел-қызметтік әрекетін психологиялық-əлеуметтанушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«хабарланған алдын ала ескертулерді есепке алуды жүргізу;
Департаментте кадрлық құрамды патриоттық, адамгершілік және рухани тәрбиелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жүзеге асыру;
Департаментте жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру жəне атқару;
Департаментте жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен ҰҚК Төрағасының актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңмен белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысы бойынша департаменті осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімі ішінде хабардар етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы