О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 апреля 2023 года № 153 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в области использования атомной энергии Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 21 апреля 2023 года № 153 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, осуществляющих деятельность в области использования атомной энергии Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 275
- Қабылданған күні
- 05.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2024 199449_714513.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034895
- ЭКБ идентификаторы
- 199449
- Редакция идентификаторы
- 199449_714513
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:14
0
«Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
2) бақылау-өткізу пункті – адамдарды және көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, тексеріп қарауды қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;
3) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;»;
72- тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Паспорт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес екі данада жасалады, электрондық нұсқасы қатар әзірленеді.»;
125-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«125. Объектіні инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды аяқтау мерзімі:
1) аумақтық тізбелерге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал мәртебе деген беру туралы хабарлама алынған;
2) ведомстволық тізбеге кіретін объектілер үшін объектіге террористік тұрғыдан осал деген мәртебе берілген сәттен бастап 6 айдан аспайды.
Бұл ретте объектішілік бейнебақылау жүйелерін ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу мерзімдері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген ) бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі