Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»

Бұйрық · № 127 · қабылданған 29.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2023-no-224-ekb-197288/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 127 ·29.05.2024
29.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 127 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
127
Қабылданған күні
29.05.2024
Көрсетілген редакция
29.05.2024 197288_702233.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034444
ЭКБ идентификаторы
197288
Редакция идентификаторы
197288_702233
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:19

0 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 1-тарауда:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 2-тарауда:
«Мектеп-балабақша» кешендерінде:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. «Мектеп-балабақша» кешендерінің бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
Жалпы білім беретін мектептерде:
ескертпеде:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы білім беретін мектептердің бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдарда:
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе:
Лицейлердің, гимназиялардың (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар), эксперименттік алаңдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттарда:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
Өнер мектептері, колледждері (училищелері) жанындағы интернаттарда:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мектеп жанындағы интернаттардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 3-тарауда:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
«Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 4-тарауда:
ескертпелерде:
мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
«18. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.»;
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдарының қызметкерлерінің үлгі штаттары.» деген 7-тарауда:
ескертпеде:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау арнаулы ұйымдардың бірінші басшылары штат санының бекітілген лимиті шеңберінде басқарушы, әкімшілік және көмекші персоналдың штат саны мен штат кестесін қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгертеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы