О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 16.04.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2025 209283_754324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035997
- ЭКБ идентификаторы
- 209283
- Редакция идентификаторы
- 209283_754324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:01
0 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«Білім беру ұйымдарына (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда) ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 8-тарауда:
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«29. Білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды (тәрбиеленушілерді, білім алушыларды) оқыту мен тәрбиелеу бейініне сәйкес келетін, сондай-ақ өткізілетін үйірмелік, спорттық және емдеу іс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-кәсіби бағдар беруші, әлеуметтанушы-талдаушы, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйін келтіруші, өндірістік оқыту шебері, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогі, музыкалық жетекші, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірліктері қосымша белгіленеді.».