Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»

Бұйрық · № 239-НҚ · қабылданған 01.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2023-no-224-ekb-229808/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования» Күшіне енбеген 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»

Күшіне енбеген Бұйрық № 239-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра просвещения Республики Казахстан от 21 июля 2023 года № 224 «Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
239-НҚ
Қабылданған күні
01.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2026
Көрсетілген редакция
01.09.2026 229808_840786.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26HP000239
ЭКБ идентификаторы
229808
Редакция идентификаторы
229808_840786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:35
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 21.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:
«Қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 6-тарауда:
1-тармақта:
«Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, жасөспірімдер мен балалар шығармашылық техникалық мектептері)» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері), жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)
Лауазымдардың атауы
Штаттық бірліктердің саны
Директор
1
Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
1
Қойма (шаруашылық) меңгерушісі
1
Бөлім меңгерушілері (бір бейіндегі 10 үйірме болған жағдайда - бір штат бірлігі)
Бухгалтер
1
Хатшы (іс қағаздарын жүргізуші)
1
Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)
1
Күзетші
3
Вахтер, әр ғимаратқа
1
Ескертпелер:

1. Жас натуралистер станциялары (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтар, экобиоорталықтар), жас техниктер станциялары (орталықтар, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық техникалық мектептері) (бұдан әрі - Ұйымдар) жалақы қорын бағдарламалар әкімшілері бекітілген бюджет қаражаты шегінде бекітетін қосымша білім беру педагогтерін, ұйымдастырушы педагогтерді, әдіскерлерді жұмысқа тарта алады.

2. Санаттық және санаттан тыс туристік саяхаттар өткізген кезде топқа жетекші және жетекші орынбасары (бір, екі, үш күндік жорықтарда – топ жетекшісінің орынбасары) лауазымдарының штат бірліктері 15 адамнан тұратын топқа, ал туризмнің техникалық күрделі түрлерінен саяхаттар өткізген кезде (велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және тағы басқалар) 12 адамнан тұратын топқа белгіленеді.

3. Қатысушылар экскурсиялық туристік базаларда қабылданатын экскурсиялық сапарлар өткізу кезінде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекші және жетекші орынбасары лауазымдарының штат бірліктері белгіленеді.

4. Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары) (бұдан әрі - Жас туристер станциялары) 35-40 баладан тұратын топтарға тәрбиеші және вожатый лауазымдары бір штат бірліктен (ал жоғары сынып оқушылары үшін тәрбиеші лауазымы екі штат бірлігі) белгіленеді.

5. Жас туристер станцияларында туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер лауазымы әрбір 45 адамға бір штат бірлігі есебінен және 15-20 адамнан тұратын топқа тәрбиеші лауазымы бір штат бірлігі есебінен белгіленеді.

6. Ұйымдарда сорғы стансасы болған жағдайда сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлігі енгізіледі.

7. Ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған жағдайда шебер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.»;

«Жас туристер станциялары (балалар-жасөспірімдер туризм орталықтары)» деген бөлім алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ әділет органдарын хабардар етуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі