Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 227 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи»

Бұйрық · № 166 · қабылданған 30.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-2023-no-227/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 227 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 166 ·30.05.2025
30.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 227 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 166 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 227 «Об утверждении Правил назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
166
Қабылданған күні
30.05.2025
Көрсетілген редакция
30.05.2025 211019_768916.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036182
ЭКБ идентификаторы
211019
Редакция идентификаторы
211019_768916
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:06

0 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы

21 маусымдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 227 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өтініш қабылдау кезінде мансап орталығы немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) мынадай мәліметтерді алу үшін дербес сұрау салуды қалыптастырады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;
2) қандас мәртебесі туралы;
3) босқын мәртебесі туралы;
4) шетелдік мәртебесі туралы;
5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;
6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;
7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;
8) мүгедектікті белгілеу туралы;
9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;
10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;
11) бала асырап алу туралы;
12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) (некені бұзуды) тіркеу туралы;
13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы;
14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);
15) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның мәртебесі туралы;
16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;
17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;
18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);
19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;
20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;
21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;
22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;
23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;
24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы;
25) іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі туралы;
26) жүгінген алдындағы тоқсанда отбасының әрбір мүшесіне айына жиынтығында кедейлік шегінен асатын, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) сақтандыру төлемін және (немесе) адамның (отбасының) шоттары арасындағы аударымдарды қоспағанда, адамның (отбасының) банк шоттары бойынша шығыс операцияларының болуы туралы;
27) жүгінген алдындағы тоқсанда отбасының әрбір мүшесіне айына статистика органдары есептейтін екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары мөлшерде банктік қарыздың (банктік қарыздардың) (ипотекалық қарыздан басқа) және (немесе) микрокредиттің (микрокредиттердің) болуы туралы;
28) бір отбасына 200 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде жинақ салымының, депозиттің (тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымнан, депозиттен басқа) болуы туралы.»;
Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жетекші ететін вице-министрге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі

0 Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш

Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрі
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 166 бұйрығына қосымша
Атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш
Мансап орталығына ________________________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
_______________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________________________________________________________________________
мекенжайында тұратын (елді мекен, аудан)
_______________________________________________________________________________
(көшесі, үй және пәтер, телефон №)
жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
құжат түрі ___________________________________________
құжат № /сериясы ________ берілген күні ________ кім берді
Банк деректемелері:
Банк атауы ______________________
Банк шоты № ____________________
Шоттың түрі: ағымдағы____________________
Менің ______ адамнан тұратын отбасыма:
(белгі қойылсын)
шартсыз ақшалай көмек
шартты ақшалай көмек
Алты жасты қоса алғанға дейінгі балалардың тізімі:
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
(ТАӘ (бар болса), туған жылы)
түріндегі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды) сұраймын, сондай-ақ мені және (немесе) менің отбасымның еңбекке қабілетті мүшелерін халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберуді сұраймын.
Сонымен қатар маған және менің отбасымның мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсету мүмкіндігін қарауды сұраймын.
Менің отбасымның құрамы мынадай:
Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі №
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ту­ған кү­ні
Туы­стық қа­ты­на­ста­ры
Мәр­те­бе­сі (жұ­мыс іс­тей­тін, жұ­мыс іс­теп жүр­ген зей­нет­кер, жа­сы­на бай­ла­ны­сты зей­нет­кер, мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар, жұ­мыс­сыз, ба­ла кү­ті­мі бой­ын­ша де­ма­лы­ста, үй ша­ру­а­шы­лы­ғын­да­ғы адам, сту­дент, оқу­шы, мек­теп жа­сы­на дей­ін­гі ба­ла)
Жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер­дің жұ­мыс ор­ны және қыз­ме­ті, қа­зір­гі кез­де­гі оқу­шы­лар үшін оқу ор­ны (мек­теп­те­гі оқу сы­ны­бы), мек­теп­ке дей­ін­гі ба­ла­лар үшін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым
15 жастан ас­қан адам­дар­дың бі­лі­мі (ди­плом бой­ын­ша ма­манды­ғы)
Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы құрамына кіретін адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес бірге тұру фактісі талап етілмейтін отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Ескертпе:
бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін және бір елді мекенде тіркелген отбасы мүшелері көрсетіледі.
20__жылғы ___ тоқсанда менің отбасымның табысы келесідей:
От­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Жұ­мыс, оқу ор­ны
Құ­жат­пен рас­тал­ған та­быс со­ма­ла­ры
Мә­лім­дел­ген бас­қа та­быст­ар
Ең­бек­ке ақы тө­леу бой­ын­ша
Зей­не­та­қы, жәр­де­ма­қы және бас­қа тө­лем­дер
Али­мент­тер
Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен, бас­қа да қыз­мет­тер­ден
Та­быст­ың өзге түр­ле­рі
Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы:
Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық объ­ек­ті­сі
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Жа­сы (үй ма­лы­ның, құ­стың)
Са­я­жай
Бақ­ша
Жер учас­ке­сі, оның ішін­де үй жа­нын­да­ғы
Шар­тты жер үле­сі
Мү­лік­тік пай (бе­рі­л­ген жы­лы)
Үй ма­лы, құ­сы:
Ірі қа­ра: сиыр, бұ­қа
бие, ай­ғыр
түйе
қой, еш­кі
та­уық, үй­рек, қаз
шош­қа
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту үшін қажетті менің дербес мәліметтерімді, жиырма таңбалық ағымдығы есепшоттың нөмірін (ІBAN коды), жинақтауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Ашық бағдарламалық интерфейстер (Open API) бойынша ақпарат алмасудың банкаралық жүйесіне қатысушы банктердің құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін Кодекстің 120-бабының 5-тармағына сәйкес отбасы құрамына кіретін адамдар (өзімді қоса алғанда) туралы ақпаратты (табысы, білімі, тұрғылықты жері, отбасылық жағдайы, банк шоттары, олар бойынша ақша қалдықтары және (немесе) қозғалысы бойынша деректер) пайдалануға, сондай-ақ менің мүдделерім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы ретіндегі мәртебем өзім көрсеткен ақпараттарды және ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты пайдалануға (беру), келісім білдіремін.
Мен атаулы әлеуметтік көмек алушы ретінде мәртебем туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге келісімді беремін және хабардармын.
Мен ұсынған деректерде өзгерістер және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон__________ ұялы телефон ___________
Е-маіl ____________________
20___ жылғы «___» ___________________________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Мансап орталығының қызметтік белгілері үшін
Құжаттар қабылданды
20___ жылғы «___» ___________________________________________
____________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
Өтініш берушінің (отбасының) тіркеу нөмірі ___________
Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға берілді:
20___ жылғы «___» ____________________________________________
____________________________________________________________________
(Құжаттарды тапсыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы «____» ___________ учаскелік комиссия өтінішті қоса берілген
құжаттармен қабылдады
____________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) және қолы)
20___ жылғы «___» ___________ учаскелік комиссиядан өтінішті қоса берілген құжаттармен қабылданды
____________________________________________________________________
(Құжаттарды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)
Мансап орталығының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған күні 20___ жылғы «____»
___________________________________________________________________
(Құжаттарды жеткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
____________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(үзбелі талонның қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілдім.
Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________________ тіркеу нөмірімен
20___ жылғы «___» _______ қабылданды.
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы
Дербес деректерді және банк құпиясын құрайтын деректерді трансшекаралық берудің жоқтығы туралы, сондай-ақ дербес деректерді және банк құпиясын құрайтын деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратылмайтыны туралы хабарлаймыз.

Қолданыстағы