О внесении дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 февраля 2023 года № 32 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Туркестанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Туркестанской области от 21 февраля 2023 года № 32 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление ветеринарии Туркестанской области»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 03.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2024 197454_703240.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24U000094A
- ЭКБ идентификаторы
- 197454
- Редакция идентификаторы
- 197454_703240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:15
0 Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 ақпандағы № 32 «Түркістан облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
16-тармақ келесі мазмұндағы 31-1), 31-2), 31-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
31-1
«31-1) мемлекеттік сатып алу, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасу, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету, ұсыну;
31-2 31-2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды оларды беру процесінде ішінара іріктеу;
31-3 31-3) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар қорын қалыптастыру;».
2 2. «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1
1)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;