О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Абай от 21 апреля 2023 года № 80 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области Абай от 21 апреля 2023 года № 80 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у продавца удобрений, а также объемов бюджетных средств на субсидирование удобрений (за исключением органических) на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 80 «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2023 189094_666929.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23F0016318
- ЭКБ идентификаторы
- 189094
- Редакция идентификаторы
- 189094_666929
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:33
0
Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 80 «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 80 «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 52-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген 63-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) 1-қосымшасы:
29-тармағы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
29.
«PLANSTAR 12-43+2MGO+7SO3+0.05 CU+1 MN+0.2ZN
P2O5-12, N-43, Mgo-2, SO3-7, Cu-0.05, Mn-1, Zn-0.2
420 000,0
тонна»;
мынадай мазмұндағы 497, 498, 499, 500, 501-тармақтарымен толықтырылсын:
497.
«AGRI-FOLIAR минералды тыңайтқышы
N-5,2%; B-0,102%; SO2-3,6%; Mn-0,512%; Zn- 0,816%; Mo-0,022%; Cu-0,100%; Fe-0,110%
2250,00
литр
498.
AGRI B минералды тыңайтқышы
N-3,2%; B-10%
2100,00
литр
499.
PLANTROOT минералды тыңайтқышы
N-12%
5300,00
литр
500.
AGRI-PH минералды тыңайтқышы
N-3,8%; P2O5-15,4%
2750,00
литр
501.
«PLANSTAR 10–45 + 7 SO3 + 1 FE +
0.6 MN + 0.5 ZN» минералды тыңайтқышы
N-10%; P2O5-45%; SO3-7%; Fe-1%; Mn- 0,6000%; Zn-0,5000%
835,00
килограмм»;
3) 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 21 қарашадағы
№ 203 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 сәуірдегі
№ 80 қаулысына
2-қосымшасы
2023 жылға арналған тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)
субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
Р/с
№
Бюджет түрі
Субсидия көлемі, теңге
1.
Жергілікті
653 000 000
2.
Республикалық
314 699 000
Барлығы
967 699 000