О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2025 года № 993 «Об утверждении Правил направления уполномоченными государственными органами в уполномоченный орган в области налоговой политики обоснования необходимости предоставления (продления) налоговой льготы по курируемым отраслям, критериев достижения социально-экономических целей применения налоговых льгот и порядка их установления»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2025 года № 993 «Об утверждении Правил направления уполномоченными государственными органами в уполномоченный орган в области налоговой политики обоснования необходимости предоставления (продления) налоговой льготы по курируемым отраслям, критериев достижения социально-экономических целей применения налоговых льгот и порядка их установления»
- Атауы (қаз.)
- «Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 715
- Қабылданған күні
- 12.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 24.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2026 I228771_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000715
- ЭКБ идентификаторы
- 228771
- Редакция идентификаторы
- I228771_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 14.08.2026 03:30
0
«Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларында:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) салықтық жеңілдіктер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық жеңілдіктердің тізбесін қамтитын, сондай-ақ салықтық жеңілдік берілетін салық түрі және салықтық жеңілдіктің қолданылу мерзімдері туралы мәліметтері бар тізілімнің веб-порталы арқылы қол жеткізу қамтамасыз етілетін бірыңғай мемлекеттік цифрлық дерекқор;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде bagylauda.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тізілімге қол жеткізуді ұсынатын интернет-ресурс;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемелерін тізілімде бар мәліметтерді ескере отырып, салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемелері түскен кезден бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жетекшілік ететін салалар немесе мәселелер бойынша салықтық жеңілдікті беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде салықтық жеңілдікті берудің (ұзартудың) орындылығы (орынсыздығы) туралы уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді.
Салықтық жеңілдік берілген (ұзартылған) жағдайда уәкілетті орган нормаларды ретроспективті енгізу жағдайларын қоспағанда, тізілімге мәліметтерді оны қолдану басталғанға дейін енгізеді.».