Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года №4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района»

Ереже · № 7 · қабылданған 03.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21-28-2014-no4/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года №4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района» Күшін жойған Ереже ·№ 7 ·03.02.2016
07.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года №4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 7 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение 21 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 28 февраля 2014 года №4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бухар-Жырауского района»
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7
Қабылданған күні
03.02.2016
Көрсетілген редакция
07.02.2024 99284_684155.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KK003668
ЭКБ идентификаторы
99284
Редакция идентификаторы
99284_684155
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:39

0 Бұқар жырау аудандық

мәслихатының 21 сессиясының
2014 жылғы 28 ақпандағы №4
«Бұқар жырау ауданының
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы №4 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 12 сәуiрдегі «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінің №14 санында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
1) 10 тармағындағы төртінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;
2) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңімелесу жүргізіледі.»;
3) мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2, 26-3, 26-4-тармақтармен толықтырылсын:
«26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік беймделу қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.
26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы» № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).
26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.»;
4) 31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Бұқар жырау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
__________________ Н.Алексеева
2016 жылғы 3 ақпан

Қолданыстағы