Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

у.с. - постановлением ЦИК РК от 2.10.99г. № 33/251 ~V990932 О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан

Қаулы · № 51 · қабылданған 19.03.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/21099-no-33251-v990932/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
у.с. - постановлением ЦИК РК от 2.10.99г. № 33/251 ~V990932 О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан Күшін жойған 07.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

у.с. - постановлением ЦИК РК от 2.10.99г. № 33/251 ~V990932 О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 51 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
у.с. - постановлением ЦИК РК от 2.10.99г. № 33/251 ~V990932 О порядке хранения документов по выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
19.03.1996
Көрсетілген редакция
07.10.1999 AI3525_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V960000298_
ЭКБ идентификаторы
3525
Редакция идентификаторы
AI3525_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнiндегi құжаттарды сақтау тәртiбi туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" U952464_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын сайлау жөнiндегi құжаттарды сақтаудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары мәжiлiстерiнiң хаттамалары округтiк сайлау комиссияларының мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамалары, кандидаттардың есеп карточкасы; әрбiр округ бойынша мәслихат депутатын сайлау нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссияларының хаттамалары тиiстi аумақтық сайлау комиссиясында 5 жыл бойы сақталады, сосын бекiтiлген тәртiпте тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк архивiне тапсырылады.

2. Округтiк сайлау комиссиялары мәжiлiсiнiң хаттамалары: мәслихат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттамалардың көшiрмелерiн қоса; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде немесе облыстық (қалалық) әдiлет басқармасында осы қоғамдық бiрлестiктiң тiркелгенi туралы құжаттар қоса тiркелген кандидаттарды ұсыну жөнiндегi республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер жоғары органдарының хаттамалары; мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге келiсетiндiгi немесе ниеттенетiнi туралы өтiнiшi; кандидаттың өмiрбаяны; дауыс беру нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссиялары хаттамалары қоса тiркелген, сайлау округтерi бойынша мәслихаттар депутаттарын сайлау нәтижелерi туралы округтiк сайлау комиссиялары хаттамаларының көшiрмелерi сайлау комиссиялары құрған органдарда 5 жыл бойы сақталады, содан кейiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк архивiне тапсырылады.

3. Учаскелiк сайлау комиссиялары отырысының хаттамалары және басқа құжаттар, сайлау округi бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалардың көшiрмелерiн қоса, сайлау комиссиялары құрған органдарда 4 жыл бойы сақталады, содан кейiн бекiтiлген тәртiпте жойылады.

Әскери бөлiмшелерде құрылған учаскелiк сайлау комиссияларының аталған
құжаттары, әскери бөлiмшелерде 4 жыл бойы сақталады, содан кейiн
бекiтiлген тәртiпте жойылады.

4. Сайлаушылар тiзiмiн учаскелiк сайлау комиссиялары, осы комиссиялар

құрған, органдарға бередi, онда олар жаңа сайлау өткiзiлгенге дейiн
сақталады, содан кейiн жойылады.

5. Дауыстар саналғаннан кейiн сайлау бюллетеньдерiн учаскелiк сайлау

комиссиялары (мөрi алынған күйде, олардың iшiнде жеке жойылған
бюллетеньдердi) тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына жiбередi, онда олар
сайлау күнiнен бастап 1 жыл бойы сақталады, сосын жойылады.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
1996 ж. "19" наурыз
N 51