Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 декабря 1994 года № 1447

Қаулы · № 1029 · қабылданған 19.08.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1994-no-1447/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 декабря 1994 года № 1447 Күшін жойған 01.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 декабря 1994 года № 1447

Күшін жойған Қаулы № 1029 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 декабря 1994 года № 1447
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы № 1447 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1029
Қабылданған күні
19.08.1996
Көрсетілген редакция
01.12.1998 AI100_1.kaz
Соңғы өзгеріс
01.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P960001029_
ЭКБ идентификаторы
100
Редакция идентификаторы
AI100_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 01.12.1998 № 1219 қаулысымен.
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорының функциясын нақтылау, оның қаражаттарын жұмсаудың ашықтық тетiгi мен есептiлiк жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-бап) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

3-тармақтағы "мемлекеттiк ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiруден" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорымен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қордың шығындары мен берешектiк жай-күйi туралы есептiлiктiң неғұрлым жетілдiрiлген нысанын жүргiзсiн";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қоры туралы ережеде:
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасына" деген сөздер "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакциямен берiлсiн:
"Қор өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады";
4-тармақта:
төртiншi абзац мынадай редакциямен берiлсiн:
"Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң орталықтандырылған және директивтi кредиттер бойынша Қорға жатқызылған берешектерiне есеп жүргiзу және олардың қайтарылуын қамтамасыз ету";
Бесiншi - он бiрiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
"1997 жылдан бастап мынадай бағыттарды:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi әзiрлеген басымдылықты технологиялар мен жобаларды игерудiң негiзiнде ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын дамытудың республикалық мақсатты бағдарламаларын конкурстық принциптерде;
ауыл шаруашылығы секторында жекешелендiру кезеңiнде жүргiзiлген құрылымдық қайта құруларға қаржылық қолдау көрсетудi;
шаруа (фермерлiк) қожалықтарын қоса есептегендегi шағын және орташа агробизнестiң қалыптасуына қаржылық көмек көрсетудi;
мал тұқымын асылдандыру iсiн, тұқым шаруашылығын дамыту, жануарларды мал дәрiгерлiк қорғау жөнiндегi шараларға мемлекеттiк қолдау көрсетудi қаржыландыру жүзеге асырылсын;
Қордың қаражаттары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тiкелей дотациялауға бағытталмайды";
5-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары алынып тасталсын;
8-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакциямен берiлсiн:
"Қор:
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң берешектiк жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндiрiп алу жөнiндегi тәртiптi айқындау және қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде шаралар қолдану;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен және олардың борышқорларынан қажеттi ақпараттар мен есеп берулер алу;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қызметiне және қордан бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына аудиторлық тексерулер белгiлеу құқықтарына ие болады";
11-тармақтағы "Қор бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады" деген сөздер "Қор осы әрекеттермен жол берiлген зияндар жөнiнде шаралар қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзац алынып тасталсын;
12-тармақта бiріншi сөйлем мынадай редакциямен берiлсiн:
"Қордың қызметiне басшылықты құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң екi өкiлi, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазагроөнеркәсiпбанкiнiң, "Қазагро" Қазақстан фермерлерiнiң ұлттық федерациясының, Қазақстанның Аграрлық одағының, Қазақстан Республикасы Ғылыми министрлiгi - Ғылым академиясының бiр-бiрден өкiлдерi кiретiн Республикалық ведомствоаралық кеңес жүзеге асырады";
екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (жалпы бөлiм) күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 269 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанға қайта құруды қамтамасыз етсiн.