Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество" от 22 декабря 1995 года № 9

Қаулы · № 20 · қабылданған 20.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1995-no-9-ekb-4969/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество" от 22 декабря 1995 года № 9 Күшін жойған Қаулы ·№ 20 ·20.12.1999
27.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество" от 22 декабря 1995 года № 9

Күшін жойған Қаулы ·№ 20 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан "О практике применения судами законодательства об ответственности за взяточничество" от 22 декабря 1995 года № 9
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
20.12.1999
Көрсетілген редакция
27.11.2015 AI4969_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P99000020S_
ЭКБ идентификаторы
4969
Редакция идентификаторы
AI4969_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:46

0 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2015 № 8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
1998 жылғы 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі пайдалануға берілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысының кейбір қағидалары қайта қарауға жатады. Сонымен бірге, парақорлық туралы істер бойынша сот тәжірибесін жинақтау қорытындысы бойынша соттардың лауазым иесі түсінігін дұрыс ұғынбау фактілері анықталды. Кейбір істер бойынша техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүргізілген тергеу іс-әрекеттері ҚІЖК-мен бағдарлаған тәртіп бұзылып жүргізіледі, алайда соттар бұған тиісті баға бермейді. Парақорлық істер бойынша сотталғандарға қылмыстық жаза мөлшерін тағайындау тәжірибесінің әртүрлілігі байқалады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22-ші желтоқсандағы N 9 қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

а а) 1-тармақтың 1-ші азатжолынан "мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда" сөздері алынып тасталсын;

ә ә) 9-тармақ келесі редакцияда берілсін:

"9. Пара мөлшерін белгілеу үшін пара заттары қолданылып жүрген бағалардың немесе көрсетілген қызметке төленетін тарифтердің негізінде ақшалай құнға иеленуге тиіс. Егер ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бұл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса, істелінген әрекет ірі мөлшерде алынған пара ретінде саралануы тиіс. Ірі мөлшердегі пара ұғымы ҚК-тің 311-бабына N 1 ескертуде берілген";

б б) 12-ші тармақ келесі редакцияда берілсін:

"12. ҚК-тің 307-ші бабына N 2 ескертудегі көрсетілген тұлғалар жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып танылады";

в в) 14-ші тармақ алынып тасталсын;

г г) 15-ші тармақтың бірінші азатжолындағы "немесе аса ірі" сөздері алынып тасталсын.

2 2. Пленум қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

а а) 1-тармақтың бірінші азатжолы "Лауазымды адам ұғымы ҚК-тің 307-бабына N 1 ескертуде берілген" сөйлемімен толықтырылсын;

б б) 20-тармақ "Параның коммерциялық сатып алушылық ұғымынан айырмашылығы - коммерциялық сатып алушылық субъектісі болып коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару міндеттерін атқаратын адам табылады" азатжолымен толықтырылсын;

в

в) Пленум қаулысы төмендегі мазмұндағы 20-1 және 20-2 тармақтарымен толықтырылсын: "20-1. Парақорлық бойынша істерде техникалық құралдардың көмегімен дәлелдер жинауда (бейне, аудио жазбалар, параға берілетін заттарды арнайы бояғыштармен өңдеу т.б.) заң талаптарынан ауытқуға жол берілу фактілерін ескере отырып, бұндай тәсілдермен дәлелдер жинауда соттар қылмыстық қудалау органдарының ҚІЖК-нің қалыптарын сақтауын мұқият

тексеріп, оларды іске дәлел ретінде жатқызу жөнінде мәселені шешуі керек.

20-2 20-2. Парақорлық үшін жаза тағайындауда соттар бұл мәселе бойынша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсініктемелерін басшылыққа
алулары керек, сонымен бірге, жаза тағайындауда жазаның тым жұмсақтығына
немесе тым қатаңдығына жол бермей, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік
сипаты мен дәрежесін ескерген жөн."

Қолданыстағы