Құжат мәтініне өту

О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан"

Қаулы · № 1143 · қабылданған 21.07.1997
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1997-no-3465/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан" Қолданыста Қаулы ·№ 1143 ·21.07.1997
07.06.2012 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан"

Қолданыста Қаулы ·№ 1143 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1143
Қабылданған күні
21.07.1997
Көрсетілген редакция
07.06.2012 AI1867_10.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970001143_
ЭКБ идентификаторы
1867
Редакция идентификаторы
AI1867_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:00

0 "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3465 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

"Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 3465 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж, N 16, 125-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1 1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:

Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң 12970 бiрлiктегi, оның iшiнде орталық аппараттың 42 бiрлiгi бар 180 бiр бiрлiктегi орталық аппаратының республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын штаттарын;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалын.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмысын қамтамасыз ететiн мүлiк пен iстердi басқару жөнiндегi өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiне берсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.12.18 N 1788 қаулысымен.

2 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнiң Көкшетау филиалының базасында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң заңды тұлға құқығы бар Көкшетау жоғары техникалық училищесi (бұдан әрi - Училище) құрылсын.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi белгiленген тәртiппен Училищенiң Жарғысын бекiтсiн және тiркесiн. Училище бастығын тағайындап, оқу процесiн ұйымдастыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.12.18 N 1788 қаулысымен.

3 3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662 қаулысымен.

4 4. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.

5 5. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.

6 6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiне:

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң ұсталмайтын қордың санаттарға бөлiнген материалдық құралдары қоймаларын келiсiм-шарт негiзiнде күзету;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесiнде келiсiм-шарт негiзiнде кемiнде күндiзгi оқу бөлiмiнде 50 және сырттан оқу бөлiмiнде 50 орын шегiнде "өрт қауiпсiздiгi" мамандығы бойынша жоғары бiлiмдi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет кадрларын оқыту мен даярлау жүктелсiн.

7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

8 8. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:

Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет туралы Ереженi әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн;
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк өрттен қорғау қызметiн ұйымдастыру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 430 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 20, 192-құжат) қосымшасына екi апта мерзiмде тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.

9 9. Құпия.

10 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкi­метiнiң
1997 жы­л­ғы 22 шiл­де­де­гi
N 1143 қа­улы­сы­мен
бекiтiл­ген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi) туралы
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.

11 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң Штат саны

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкi­метiнiң
1997 жы­л­ғы 22 шiл­де­де­гi
N 1143 қа­улы­сы­на
қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет департаментi мен оның ведомстволық бағынысты бөлiмшелерiнiң Штат саны
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.04.27. N 481 қаулысымен.

Қолданыстағы