О мерах по выполнению Постановления Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 года № 622 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 27 марта 1997 года № 3432 «О квоте иммиграции на 1997 год» Күшін жойған
Басқа 0
"1997 жылға қоныс аудару квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 622 қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
«1997 жылға қоныс аудару квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 622 Қаулысын орындауда ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (К.Ү. Үкин) қалалар және аудандар әкімдері:
белгіленген квота шеңберінде Ресейден, Өзбекстаннан, Моңғолиядан тарихи отанына қайтып оралуға тілек білдіруші босқын-репатрианттарды көшіріп әкелуді ұйымдастырсын;
көшіп келуші отбасыларының жұмысқа қабілетті ересек мүшелерін біліктілігі мен мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларды қажетті мамандықтарға даярлау және қайта даярлау жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын;
Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес Қостанай облысына тұрақты тұруға келген босқын-репатрианттарға зейнетақы және жәрдемақы белгілеу, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Ф.Т. Гильмутдинов) қалалар және аудандар әкімдері:
жергілікті бюджет қаржысы есебінен босқын-репатрианттарды көшіріп әкелуді, қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Олардың қатаң түрде мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін.
қажет болғанда облыстың бейімделу пунктін ұстауға қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері:
шығатын мемлекет аумағынан орналасатын пунктке дейін адамдарды және олардың үй мүліктерін тасымалдаудың тәртібін анықтасын;
Монғолия, Ресей, Өзбекстаннан келетін босқын-репатрианттардың отбасыларын қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етсін /қосымша/, оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасасын. Бір апталық мерзімде босқын-репатрианттарды толық орналастыратын елді мекендердің, сондай-ақ туысқандық және шаруашылық-өндірістік байланыстарын ескере отырып олар жұмысқа орналастырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және шаруашылықтардың, меншік нысанына қарамастан тізбесін облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың басқармасына тапсырсын;
белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үй салу және шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін бөлсін.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Н.Ф. Кильмашкин) мыналарды қамтамасыз етсін:
босқын-репатрианттардың Қазақстан аумағында және орналасу орындарына барар жолдағы жеке басының және мүлкінің қауіпсіздігін;
келген босқын-репатрианттардың уақытылы тіркелуі мен республика аумағында тұруға және қозғалу құжаттарының рәсімделуін;
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тұрақты тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдауға тілек білдірген жеке азаматтарға қажетті құжаттарды рәсімдеуді.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (В.Б. Якимов) облысқа келіп жатқан босқын-репатрианттарды тегін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім департаменті (Б.Б. Баймағамбетова):
қоныс аударушылардың шет елдерде алған білімдері жайлы құжаттарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім стандарттарына сәйкестігін ескеріп, тең бағалануын тануды қамтамасыз етсін. Қажет болғанда өтпелі оқу жоспары және қысқартылған мерзім бойынша кәсіптік оқу орындарында қосымша оқытуды ұйымдастырсын;
босқын-репатрианттардың балаларын жергілікті бюджеттегі білім мекемелерінде тегін оқытуды және тәрбиелеуді, сондай-ақ ересек халықты сауаттылыққа, қазіргі заманғы қазақ әліппесіне оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Ш.Н. Байтеңізов) шығатын мемлекеттерінен қоныстанатын орындарына дейін көшіп келетін босқын-репатрианттардың жеке меншігіндегі малдарын айдап өтуді, тасымалдауды және малдәрігерлік бақылау ұйымдастыруға көмек көрсетсін.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың басқармасы (К.Ү. Үкин) 1997 жылдың 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде осы шешімнің орындалуы жөніндегі ақпаратты облыс Әкімінің аппаратына тапсырсын.
Басқа 9. 1997 жылға негізгі ұлт отбасы мүшелерін
қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Әкімінің
1997 жылғы 21 мамырдағы
№ 69 шешіміне қосымша
1997 жылға негізгі ұлт отбасы мүшелерін
қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
_____________________________________________________________________
| | | Көшірілетін отбасылар саны |
|Рет | Қалалар және |_____________________________________________|
| № | аудандар | Барлығы| Монғол | Өзбекстан | Ресейден |
| | | | Халық | нан | |
|____|__________________|_______ |___________|____________|___________|
| 1. | Алтынсарин | 8 | 3 | 5 | |
| 2. | Амангелді | | | | |
| 3. | Амантоғай | | | | |
| 4. | Арқалық | 5 | | | 5 |
| 5. | Жангелді | | | | |
| 6. | Жетіқара | | | | |
| 7. | Камышнин | | | | |
| 8. | Қарасу | 3 | 3 | | |
| 9. | Комсомол | 5 | | | 5 |
|10. | Қостанай | 44 | 5 | 3 | 36 |
|11. | Ленин | 15 | | | 15 |
|12. | Мендіқара | 20 | | | 20 |
|13. | Наурызым | | | | |
|14. | Октябрь | 5 | | | 5 |
|15. | Оржоникидзевский | | | | |
|16. | Семиозер | 4 | 4 | | |
|17. | Таран | 10 | 10 | | |
|18. | Урицкий | 29 | | | |
|19. | Федоров | 11 | | 7 | 4 |
|20. | Арқалық қаласы | | | | |
|21. | Жетіқара қаласы | 13 | | 3 | 10 |
|22. | Қостанай қаласы | 28 | | 7 | 21 |
|23. | Лисаков қаласы | 3 | | | 3 |
|24. | Рудный қаласы | 7 | | | 7 |
|____|__________________|_______ |___________|____________|___________|
| | Барлығы | 210 | 25 | 25 | 160 |
|____|__________________|________|___________|____________|___________|