О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года N 1314
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года N 1314
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1169
- Қабылданған күні
- 16.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2000 AI3814_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001169_
- ЭКБ идентификаторы
- 3814
- Редакция идентификаторы
- AI3814_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:58
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.06. N 1675 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ережені әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 P981314_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 440-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты
есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы үлгi ереженi әзiрлеу
жөнiндегі нұсқаулықта:
2-тармақта:
"олардың көлемiн көрсете отырып" деген сөздер алынып тасталсын;
"қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша есеп
айырысу принциптерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-бөлiммен және 7-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi
7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының
көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi. ".