Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 «Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан»

Бұйрық · № 650 · қабылданған 01.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1998-no-459-ekb-22483/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 «Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 650 ·01.12.2004
04.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 «Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 650 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 «Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
650
Қабылданған күні
01.12.2004
Көрсетілген редакция
04.03.2013 AI22483_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003297_
ЭКБ идентификаторы
22483
Редакция идентификаторы
AI22483_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:27

0 "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу ережелерінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу (Осы Ережелерге 1-қосымша) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жүргізіледі.";
4-тараудың атауы алынып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Күндізгі оқуға ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері және 25 жасқа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімі бар басқа да азаматтар жіберіледі.";
5-тараудың атауы алынып тасталсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Сырттай оқуға:
жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білім негізінде - 35 жасқа дейінгі, ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерде кемінде 3 жыл қызмет өтілі бар және орта басшы құрам лауазымына жоғарылатуға резервте тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлері және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі;
кәсіптік жоғары (заңгерлік емес) білім негізінде - 35 жасқа дейінгі ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерде кемінде 1 жыл қызмет өтілі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі.";
30-тармақ алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орнына үміткерлерді іріктеу ережелеріне 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне үміткерлерді іріктеу ережелерінде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждерінде оқуға үміткерлерді іріктеу (осы Ережелерге 1-қосымша) жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының арасынан жүргізіледі.";
26-тармақ алынып тасталсын;
4-тараудың атауы алынып тасталсын;
27-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"27. Күндізгі оқуға ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары, ішкі әскерлердің әскери қызметшілері және 25 жасқа дейінгі жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімі бар басқа да азаматтар жіберіледі.";
5-тарау алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне үміткерлерді іріктеу ережелеріне 1-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ауыстырылсын.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тәрбие және кадр жұмысы департаментінің бастығы полиция полковнигі Б.Н.Өмірзақовқа жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

1 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 1 желтоқсандағы
N 650 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің жоғары оқу
орындарына үміткерлерді
іріктеу ережелеріне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының тізбесі
___________________________________________________________________
N | Оқу орындарының атауы | Оқу мерзімі | Дайындау саласы
___________________________________________________________________
1. ҚР Ішкісмині Академиясы N 050303 "Құқық қорғау
(480060, Алматы қаласы, қызметі" мамандығы
Өтепов көшесі, 29) бойынша (Бакалавриат)
жоғары кәсіптік
күндізгі оқыту 4 жыл (заңгерлік) білімі бар
сырттай оқыту: мамандарды:
жалпы орта білім негізінде; 5 жыл тергеу-криминалис-
жоғары кәсіптік (заңгерлік тикалық;
емес) және кәсіптік орта 3 жыл жедел-криминалистикалық;
(заңгерлік) білім негізінде жедел-іздестіру;
әкімшілік-құқықтық
маманданулар бойынша
дайындау.
2. ҚР Ішкісминінің Б. Бейсенов N 050303 "Құқық қорғау
атындағы Қарағанды заң қызметі" мамандығы
институты (470064, Қарағанды бойынша (Бакалавриат)
қаласы, Ермеков көшесі, 124) жоғары кәсіптік
(заңгерлік) білімі бар
күндізгі оқыту 4 жыл мамандарды:
сырттай оқыту: жедел-іздестіру;
жалпы орта білім негізінде; 5 жыл тергеу-криминалистикалық
жоғары кәсіптік (заңгерлік маманданулар бойынша
емес) және кәсіптік орта 3 жыл дайындау.
(заңгерлік) білім негізінде
___________________________________________________________________

2 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі колледждерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 1 желтоқсандағы
N 650 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкісминінің колледждеріне
үміткерлерді іріктеу
ережелеріне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі колледждерінің тізбесі
___________________________________________________________________
N | Оқу орындарының атауы | Оқу мерзімі | Дайындау саласы
___________________________________________________________________
1. ҚР Ішкісминінің Ақтөбе заң N 0202002 "Құқық қорғау
колледжі (463000, Ақтөбе қызметі" мамандығы
қаласы, 41 - разъезд, бойынша кәсіптік орта
Курсанттар тас жолы) (заңгерлік) білімі бар
2 жыл мамандарды әкімшілік-
күндізгі оқыту құқықтық мамандану
бойынша дайындау.
2. ҚР Ішкісминінің Семей заң N 0202002 "Құқық қорғау
колледжі (490026, Семей қызметі" мамандығы
қаласы, Қаржаубайұлы бойынша кәсіптік орта
көшесі, 245) 2 жыл (заңгерлік) білімі бар
мамандарды жедел-
күндізгі оқыту іздестіру мамандану
бойынша дайындау.
3. ҚР Ішкісминінің Шымкент N 0202002 "Құқық қорғау
заң колледжі (480163, қызметі" мамандығы
Шымкент қаласы, бойынша кәсіптік орта
Чернышевский көшесі, 139) (заңгерлік) білімі бар
мамандарды әкімшілік-
күндізгі оқыту 2 жыл құқықтық мамандану
бойынша дайындау.
___________________________________________________________________

Қолданыстағы