О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 "Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года № 459 "Об утверждении Правил отбора кандидатов на учебу в высшие учебные заведения и колледжи МВД Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 280
- Қабылданған күні
- 20.06.2006
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2013 AI28688_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004281_
- ЭКБ идентификаторы
- 28688
- Редакция идентификаторы
- AI28688_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:16
0 "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 459 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жоғары оқу орындары мен колледждеріне үміткерлерді іріктеудің Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 459 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 745 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3297 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 650 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 2-тармағындағы "ІІББ, ІІБ, КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу Ережелерінде:
барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
15-тармақта "ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
26-тармақта:
"оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация" деген сөздер "қызметтік мінездеме" деген сөздермен ауыстырылсын;
"белгіленген нысандағы медициналық анықтама" деген сөздер "086-У нысанындағы медициналық анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Сырттай оқуға жасы 40-қа дейінгі, жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары (заңгерлік емес) білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жіберіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің колледждеріне үміткерлерді іріктеу Ережелерінде:
барлық мәтін бойынша "облыстық ІІББ, ІІБ және көліктегі ІІБ", "ІІББ, ІІБ, КІІБ", "ІІББ, ІІБ және КІІБ" деген аббревиатуралар "ІІД, көліктегі ІІД" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "(сырттай)" деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақта "ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.