Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о дополнениях к Соглашению о единых условиях транзита через территории государств- участников Таможенного союза от 22 января 1998 года

Заң · № 90-ІІ · қабылданған 22.10.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1998/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о дополнениях к Соглашению о единых условиях транзита через территории государств- участников Таможенного союза от 22 января 1998 года Қолданыста Заң ·№ 90-ІІ ·22.10.2000
24.12.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о дополнениях к Соглашению о единых условиях транзита через территории государств- участников Таможенного союза от 22 января 1998 года

Қолданыста Заң ·№ 90-ІІ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о дополнениях к Соглашению о единых условиях транзита через территории государств- участников Таможенного союза от 22 января 1998 года
Атауы (қаз.)
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90-ІІ
Қабылданған күні
22.10.2000
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI7256_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000090_
ЭКБ идентификаторы
7256
Редакция идентификаторы
AI7256_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:12

0 Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар хаттаманы бекіту туралы

📌 Ескерту. Келісім қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.
Мәскеуде 1999 жылғы 26 қазанда жасалған Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумақтары арқылы транзиттің бірыңғай шарттары туралы 1998 жылғы 22 қаңтардағы Келісімге толықтырулар туралы хаттама бекітілсін.
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Бейресми аударма
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы
1998 жылғы 22 қаңтардағы Келiсiмге толықтырулар туралы ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы Келiсiмнiң қатысушылары болып табылатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi,
1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы Келiсiмнiң 11-бабын негiзге ала отырып,
1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы Келiсiмнiң 7-бабын назарға ала отырып, төмендегілер туралы келiстi.

1 1-бап

Тараптар өзара келiсу бойынша тауарлардың кейбiр санаттарын өз мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитпен тасымалдауға шектеулер белгiлеуге, оның iшiнде мұндай тауарларды тасымалдауға жол берiлетiн өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн анықтауға құқылы.

2 2-бап

1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы Келiсiмнiң 3 және 4-баптарында белгiленген жағдайларда этил спиртiн (ТМД СЭҚ ТН бойынша кодтары 2207 10 000, 2207 20 000, 2208 90 910, 2208 90 990) Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы темiр жол көлiгiмен ғана тасымалдауға жол берiледi.
Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына этил спиртiн шеттен әкелу айқындалған өткiзу пункттерi арқылы темiр жол немесе теңiз көлiгiмен, соның iшiнде аралас (өзен-теңiз) жүзу кемелерiмен ғана жүргiзiледi.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң арасында тiкелей темiр жол қатынасы болмаған жағдайда Тараптар өзара келiсу бойынша екi жақты немесе көп жақты уағдаластықтардың негiзiнде осы Хаттаманың ережелерiнен өзгеше, этил спиртiн тасымалдау ережелерiн белгiлей алады.

3 3-бап

Тараптардың әрқайсысы Интеграциялық Комитетке этил спиртiн тасымалдауға жол берiлетiн өткiзу пункттерiнiң тiзбесiн тапсырады. Осы тiзбе Интеграциялық Комитет шығаратын, интеграцияны дамыту бюллетенiнде жариялануға жатады.

4 4-бап

Тараптар осы Хаттама белгiленген шарттарды бұзумен тасымалданатын этил спиртiн өз мемлекеттерiнiң аумақтарына өткiзуден бас тартуға немесе оларға өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес шаралар қолдануға құқылы.

5 5-бап

Осы Хаттама 1998 жылғы 22 қаңтардағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы өтетiн транзиттiң бiрыңғай шарттары туралы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

6 6-бап

Осы Хаттама қол қойылған күнiнен бастап, ал мемлекетiшiлiк рәсiмдердi жүзеге асыруы қажет мемлекеттер үшiн тиiстi хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсыру сәтiнен бастап күшiне енедi.

7 7-бап

Осы Хаттама оған қол қойылған күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қолданыста болады және келесi жылға өздiгiнен ұзартылады.
Тараптардың әрқайсысының осы Хаттамаға сәйкес қабылданған өз мiндеттемелерiн алдын ала реттей отырып, шығудан кемінде үш ай бұрын өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Хаттамадан шығуға құқығы бар.
1999 жылғы 26 қазанда Мәскеу қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды.
Түпнұсқа дана әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жіберетін Интеграциялық Комитетте сақталады.
Беларусь Республикасы
Үкіметінің атынан
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан
Қырғыз Республикасы
Үкіметінің атынан
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасы
Үкіметінің атынан
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы транзиттің бiрыңғай шарттары туралы КЕЛIСІМ
Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Үкiметi, бұдан әрi Тараптар деп аталатын,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 1995 жылғы 10 ақпандағы Кедендiк заңдары негiздерiн назарға ала отырып,
өздерiнiң транзит еркiндiгi қағидаларын ұстанатындығын растай отырып,
барлық көлiк түрлерiмен халықаралық тасымалдарды, осы Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекеттiң ұлттық мүдделерiне залалсыз, кедендiк рәсiмдердi үйлесiмдi қылу және бiрдейлендiру жолымен жеңiлдетудің қажеттігін мойындап,
тасымалдар жағдайының жақсаруы ынтымақтастықты дамытудың маңызды факторларының бiрi болып табылады деп есептей отырып,
1995 жылғы Кеден одағы туралы келiсiмдерде бекiтiлген қағидаларды растай отырып,
төмендегi жөнiнде келiсті:

1 1-бап

Осы Келiсiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң 1995 жылғы 10 ақпандағы Кедендiк заңдары негiздерiне сәйкес анықталатын атаулар пайдаланылады.

2 2-бап

Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарлар:
- табиғи тозу не болмаса тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кему салдарынан басқада, бiр күйде қалуы;
- транзиттен басқа ешқандай мақсаттарға пайдаланылмауы;
- жеткiзiлетiн кеден органына көлiк құралының мүмкiншілiктерiнен, белгiленген маршруттан және тасымалдың басқа жағдайларынан шыға отырып, жiберетiн кеден органымен белгiленген, бiрақ бiр айда екi мың шақырым есеппен анықталатын шектi мерзiмнен аспайтын, мерзiмдерде жеткiзiлуi тиiс.

3 3-бап

Тауарлар, сондай-ақ осы Бапта көрсетiлген тауарларды (бұдан әрi - транзиттiк тауарлар) тасымалдайтын көлiк құралдары:
үшiншi мемлекеттерден осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекеттiң тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң аумағына;
осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттiң аумағынан осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекеттiң тіптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы үшiншi мемлекеттерге;
осы Келiсімге қатысушы бiр мемлекеттен осы Келiсiмге қатысушы өзге мемлекеттiң тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы осы Келiсiмге қатысушы екiншi мемлекетке ауысуы кезiнде осы Келісiмге қатысушы болып табылатын транзит мемлекеттерiнде кеден баждарын, салықтарды және кедендiк ресiмдеу үшiн алымдарды төлеуден, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шараларын қолданудан босатылады.

4 4-бап

Тараптардың Кеден органдары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң тiптi болмағанда бiрiнiң аумағы арқылы осы Келiсімге қатыспайтын мемлекеттер арасында орын ауыстыратын транзиттiк тауарларға ұлттық заңдарды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқықты.

5 5-бап

Осы Келiсiмнiң 1 қосымшасында көрсетiлген тауарларды кез келген Тараптың аумағы арқылы өткiзуге тыйым салынады.
Осы Келiсiмнiң 2 қосымшасында көрсетiлген тауарлар, тасымалдау маршруты өтетiн осы Келiсiмге қатысушы барлық мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен берiлген транзитке рұқсаттары бар шартымен, осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттің аумағы арқылы транзитке жiберiледі.
Тараптардың Кеден органдары тауарлар олардың мемлекеттерiнiң аумағы арқылы транзитi кезiнде ұлттық кеден заңдарын қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқықты.

6 6-бап

Транзиттi қамтамасыз етуге қажеттi құралдар мен қызмет көрсетулер тасымалдаушыларға транзит мемлекеттерiнде өздерiнiң экспортшыларына, импортшыларына немесе тасымалдаушыларына ұсынылатын құралдар мен қызмет көрсетулерден кем емес жағдайларда ұсынылады.

7 7-бап

Транзиттiк тауарлар мен оларды тасымалдайтын көлiк құралдарының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан өтуi, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң көлiк саласындағы құзырлы органдарымен келiсiлiп, осы мемлекеттердiң кеден органдарымен анықталатын орындарда рұқсат етiледi.
Тараптар кеден органдарына осы Келiсiмге қол қойылған уақыттан бастап үш айлық мерзiмде транзиттiк тауарлар мен оларды тасымалдайтын көлiк құралдарының Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан белгiленген өту орындарының тiзбесiмен алмасуды тапсырады.
Осы Келiсiмге қатысушы кез келген мемлекеттің аумағымен тауарлардың транзитi, егер өзгесi осы мемлекеттiң ұлттық заңдарымен белгiленбесе, кез келген маршруттармен және бағыттармен жүзеге асырылуы мүмкiн.

8 8-бап

Транзиттiк тауарларды басқа көлiк құралдарына қайта тиеу, соның iшiнде партияларды бөлшектеумен, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден органдарымен әр жағдайда анықталатын орындарда жүргiзiледi.
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң кеден органдары транзиттiк тауарларды ажыратып бiлу құралдарын, сондай-ақ транзиттiк тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауға қажеттi құжаттарды өзара мойындайды. Тараптар өз мемлекеттерiнiң кеден органдарына үш айлық мерзiмде транзиттiк тауарларды ажыратып бiлу құралдарының, сондай-ақ транзиттік тауарлар мен көлiк құралдарын бақылауға қажеттi құжаттар үлгiлерiмен алмасуды тапсырады.

9 9-бап

Жойқын күш жағдайының болу себебiнен транзиттiң тоқтатылуы жағдайларында транзит тоқтатылған осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарының нормаларымен белгiленген тәртiп қолданылады.

10 10-бап

Тараптар өздерiнiң орталық кеден органдарына осы Келiсiмге қол қойғаннан кейiн үш айдың iшiнде төменде аталған төртжақтық құжаттарды әзiрлеудi және қабылдауды тапсырады:
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы кедендiк бақылаумен тасымалданатын тауарларды кедендiк ресімдеу тәртiбi туралы ереже;
Кеден одағының кедендiк тасымалдаушылары туралы ереже;
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында кедендік iлеспе туралы ереже;
Осы Баппен қарастырылған жұмыстарды үйлестiру Бiрiгу Комитетiне жүктеледi.

11 11-бап

Тараптар өзара келiсiп осы Келiсiмге толықтырулар мен өзгертулер енгiзуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамалар мен қосымшалар түрiнде ресiмделетiн болады.

12 12-бап

Осы Келiсiмдi түсiндiру және қолдану кезiндегi дау-дамайлар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында келiссөздер жүргiзу және кеңесулер жолымен, қажет етсе, оларды Бiрiгу Комитетiнде, ал келісiмдi шешiмге қол жетпесе, Мемлекетаралық Кеңестiң жанындағы Үкiмет басшыларының кеңесiнде қараумен, шешілетiн болады. Барлық Тараптарға Үкiмет басшылары кеңесiнiң шешiмi қолдану үшiн түпкiлiктi және мiндеттi болады.

13 13-бап

Осы Келiсім Кеден одағы туралы келiсiмге қосылған, қосылуы кезiндегi осы Келiсiмнiң пәрмендi қағидаларын мойындайтын және оларды толық көлемде орындауға әзiрлiгiн бiлдiретiн кез келген мемлекетке оған қосылуы үшiн ашық.

14 14-бап

Осы Келiсiм қол қойған күннен бастап уақытша қолданылады және Тараптар барлық қажеттi мемлекетшiлiк рәсiмдердi орындауы туралы соңғы мәлімдемені депозитарийге сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.

15 15-бап

Кез келген Тараптың, осы Келiсiмге сәйкес қабылдаған өз мiндеттемелерiн алдын ала реттеп, шығуына дейiн кемiнде он екi ай бұрын өзiнiң ниетi туралы жазбаша мәлiмдеменi депозитарийге жолдап, осы Келiсiмнен шығуға құқығы бар.
1998 жылғы "22" қаңтарда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды.
Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қатысушы әрбiр мемлекетке оның сендiрiлген көшiрмесiн жолдайтын бiрiгу Комитетiнде сақталады.
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасы Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін Үкіметі үшін

1 Тасымалдауға тыйым салынған қауіпті қалдықтардың

Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің
аумағы арқылы жүкті алып өтудің
біркелкі ережелері туралы Келісімге
N 1 қосымша
Тасымалдауға тыйым салынған қауіпті қалдықтардың
Тізімдемесі _____________________________________________________________________
     СЭҚ ТН        Қалдық түрлерінің аталуы  Базель         Экономикалық
     бойынша                                 Конвенциясының Ынтымақтастық
     қалдық                                  сыныптамасы    Және даму
     түрлерінің                              бойынша қалдық ұйымының
     коды                                    түрінің коды   сыныптамасы
                                                            бойынша қалдық
                                                            түрінің коды
     _____________________________________________________________________

        1                  2                      3             4
     _____________________________________________________________________
     7019 90      Асбест араласқан физика-                     RB 020**
                  химиялық сипаты бойынша
                  ұқсас шыны
                  талшықтарының қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     252400        Асбест қалдықтары және         Y 36         RB 010
                   тозаң
     _____________________________________________________________________
                  Құрамында түсті металдар        Y 17
                  бар, өзге де тозаңдар:

     810490000    магний тозаңы
     810890000    титан тозаңы
     811240900    ванади тозаңы
     _____________________________________________________________________
     8539         Iстен шыққан сынап              Y 29
                  шамдары мен люминесцент
                  түтiктерi
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     262090       Металл жыныстары:

                  Марганецтiң электролиттiк
                  қосарланған қышқылының
                  өндiрiстен шыққан марганец
                  жыныстары
     _____________________________________________________________________
     262090       Күкiрт қышқылы өндiрiсiнен       Y 25
                  шыққан тұзды-сынап жыныстары
     _____________________________________________________________________
                  Құрамында торий бар
                  қалдықтар
     _____________________________________________________________________
     284430550    Химия-металлургия
                  өндiрiсiндегi торийдің
                  қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     262090       Торийлi вольфрам өндiрiсiнен
                  қалған торийлi жыныстар
     _____________________________________________________________________
                  Осы өндiрiске тән зиянды
                  қоспалары бар қатты
                  минералдық қалдықтар:

     280480000    Мышьяк мыс өндiрiсiнiң қоқысы     Y 24
     280480000    Мышьяк-калий қалайы
                  өндiрiсiнiң қоқысы                Y 24
     280480000    Арсенат-кальций қорғасын
                  өндiрiсiнiң қалдықтары            Y 24
     _____________________________________________________________________
     262090100    Гальваникалық, никельдi
                  жыныстар
     _____________________________________________________________________
                  Гальваникалық жыныстар:
     2837         Цианиттi жыныстар                 Y 33

     2819         құрамында хром бар жыныстар       Y 21
     _____________________________________________________________________
     262030000    құрамында мыс бар жыныстар        Y 22
     _____________________________________________________________________
     262019000    құрамында мырыш бар жыныстар      Y 23
     _____________________________________________________________________
     262090990    құрамында кобальт бар жыныстар
     _____________________________________________________________________
     262090990    құрамында кадмий бар жыныстар     Y 26
     _____________________________________________________________________
     262090100    Құрамында қорғасынның, никельдiң  Y 31
                  гидроқышқылдары бар жыныстар
     _____________________________________________________________________
     262020000    Құрамында:
                  кадмийдi                          Y 26
                  никельдi
                  хромды                            Y 21
                  қалайыны
                  қорғасынды                        Y 31
                  ванадидi
                  мысты қамтитын басқа да           Y 22
                  ауыр металдардың
                  қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     291539       Ацетофенон араласқан              Y 15
                  хлорлы алюминий қалдықтары
     ____________________________________________________________________
     281420000    Мысты күйдiруге қажеттi           Y 22
                  (ұқсатылған) аммиак
                  ерiтiндiлерi
     _____________________________________________________________________
     280610000    Аталған өндiрiске тән             Y 34
                  қышқылдар мен қоспалар,
                  пiсiру және метиз
                  цехтарында өңделген,
                  күйдiрiлген ерiтiндiлер
     _____________________________________________________________________
     281520       Осы өндiрiске тән                 Y 35
                  қышқылдар мен қышқылдар
                  араласқан ерiтiндiлер
                  (күйдiру, майдан айыру, т.с.с.)
     _____________________________________________________________________
     3808         Өсiмдiктердi қорғау және          Y 45
                  оларды зиянкестерден
                  қорғаудың
                  құралдары (қолданудан шыққан)
     _____________________________________________________________________
     3808         Өсiмдiктердi өңдеу және           Y 45
                  зиянкестерден қорғау
                  құралдары өндiрiсiнiң
                  қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     271390       Қышқылданған қара смола,          Y 11         RA 020
                  қара май
     _____________________________________________________________________
     271390       Қара майланған күкiрт             Y 11
                  қышқылы бар майларды
                  тазартатын гудрон қышқылы
     _____________________________________________________________________
     271390       Күкiрт қышқылы, ауыр              Y 11
                  органикалық сульфонат
                  тұнбасы өндiрiсiнiң гудрон
                  қышқылы (сульфонатталған
                  ақ майлар)
     _____________________________________________________________________
     271390       Күкірт қышқылы, хош иісті        Y 11
                  қосылымдар, сульфат
                  қышқылдары бар хош иiстi
                  көмiр сутектерiн тазартудан
                  шыққан гудрон қышқылы
     _____________________________________________________________________
     271390       Күкірт қышқылы, органикалық      Y 11
                  қосылыстар бар балауызды
                  таратудан шыққан гудрон қышқылы
     _____________________________________________________________________
     271390       Коксхимия өндiрiсiнiң бензолды   Y 11
                  ректификаттау цехының сульфат
                  бөлшектеуден шыққан
                  қышқыл қарамай
     _____________________________________________________________________
     2902         Қышқыл қарамайды өңдеуден шыққан  Y 11          RA 020
                  қалдықтар
     _____________________________________________________________________
     2912         Кокс және газ зауыттарының
                  шламдары
     _____________________________________________________________________
     270600000    Фенолды қарамайлы фустар          Y 39
                  (өңдеу қалдықтары)
     _____________________________________________________________________
     381111100    Тетраэтилқорғасынды               Y 31          RС 030
                  шламдар (антидетонациялық
                  құрылғылар)
     _____________________________________________________________________
     285000       Арсин мен фосфин аралас           Y 24
                  сорбенттер
     _____________________________________________________________________
     293219000    Полихлорланған                    Y 31          RС 010
                  дибензофуран және басқа да
                  соған ұқсас қосылымдар
     _____________________________________________________________________
     293490       Полихлорланған                    Y 44          RС 020
                  дибензодиоксин (диоксин)
                  және өзге де соған ұқсас
                  қосылымдар
     _____________________________________________________________________
     2903         Бромсутектi қышқыл                Y 45
                  өндiрiсiндегi
                  фторорганикалық
                  қосылымдардың қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     290369       Полихлорланған                    Y 10          RС 010
                  бифенилдер, терфенилдер,
                  полибромдалған
                  бифенилдер, олармен
                  ласталған сұйымтар немесе
                  ерiткiштер, сондай-ақ солар
                  құрамында бар заттар мен
                  бұйымдар (50 мг/кг және
                  одан көп концентрациясында)
     _____________________________________________________________________
     2903         Хлорорганикалық                   Y 45
                  қышқылдар өндiрiсiнiң
                  қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2903         Броморганикалық синтез            Y 45
                  осмолдары
     _____________________________________________________________________
     2912         Фтальдi ангидрид өндiрiсiнiң      Y 12
                  осмолдары
     _____________________________________________________________________
     901831       Емдеу мекемелерiнде               Y 1
     901 832      (ауруханаларда, емханаларда
     7017         және өзге де сол сияқты
     560110       мекемелерде) науқастарды
                  дәрiгерлiк күтудің нәтижесiнде
                  алынған медициналық қалдықтар
     _____________________________________________________________________
     2930         Фармакологиялық өнiмдер           Y 2
                  өндiрiсiнiң қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2936         Пайдалану мерзiмi өтiп            Y 3
     2937         кеткен дәрi-дәрмектер және
     2941         дәрiлiк заттар
     3001-3006
     _____________________________________________________________________
     2939         Өндiрiс қалдықтары және           Y 4
                  фитофармацевтiк заттарды
                  қолдану
     _____________________________________________________________________
     270600000    Өндiрiс қалдықтары және           Y 5
                  ағаш консерванттарын
                  қолдану
     _____________________________________________________________________
     2902         Өндiрiс қалдықтары және           Y 6
     2903         органикалық ерiткiштердi
     2905-2909
     _____________________________________________________________________
     2710         Қолданылған минералдық            Y 8
                  майлар
     _____________________________________________________________________
                  Ғылыми-зерттеу                    Y 14
                  жұмыстардың барысында
                  немесе оқу процесiнде
                  алынған және/немесе осы
                  кезеңде жаңа болған, адамға
                  және/немесе қоршаған
                  ортаға әсерi анықталмаған,
                  қажетсiз химиялық заттар
     _____________________________________________________________________
     * Тауардың қалдықтар тізбесіне жатқызылуы СЭҚ ТН бойынша коды,
сондай-ақ аталуымен (физикалық және химиялық сипаттарымен) айқындалады.
     ** Мұнда және бұдан әрі Экономикалық ынтымақтастық пен даму
қоғамдарының коды екі әріптен тұрады, одан кейін нөмірі қойылады. Бірінші
әріп - тізімді: G(Green) - жасыл; V(Vellow) - сары; R(Red) - қызыл;
екіншісі олардың санатын білдіреді.

2 Қауіпті қалдықтардың, реттелуге жататын көлікшекаралық тасымалдаудың ТІЗІМДЕМЕСІ

Кедендік одаққа мүше мемлекеттердің
аумағы арқылы жүкті алып өтудің
бірыңғай ережелері туралы Келісімге
N 2 қосымша
Қауіпті қалдықтардың, реттелуге жататын көлікшекаралық тасымалдаудың ТІЗІМДЕМЕСІ
_____________________________________________________________________
     СЭҚ ТН       Қалдық түрінің аталуы      Базель          Экономикалық
     бойынша                                 Конвенциясының  Ынтымақтастық
     қалдық                                  Сыныптамасы     Және даму
     түрлерінің                              бойынша қалдық  ұйымының
     коды                                    түрінің коды    сыныптамасы
                                                             бойынша
                                                             қалдық түрінің
                                                             коды
     _____________________________________________________________________
         1                   2                    3                4
     _____________________________________________________________________
     0501 00 000    Адам шашының қалдықтары                      GO 010*
     _____________________________________________________________________
     0502           Қылдардың қалдықтары                         GN 010
     _____________________________________________________________________
     0503 00 000    Жылқы қылының қалдықтары                     GN 020
     _____________________________________________________________________
     0505 90 000    Құс қауырсындарының                          GN 030
                    қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     0506 90 000    Жануарлар сүйектерi мен                      GM 100
                    мүйiздерiнiң қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     051191         Балықты және басқа теңiз                     GM 010
                    өнiмдерiн өңдеудiң
                    қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     1522 00        Дегра; майлы заттарды                        GD 020
                    немесе хайуанат
                    балауыздарын өңдеуден
                    шыққан соңғы
                    қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2525 30 000    Слюда қалдықтары                             GD 030
     _____________________________________________________________________
     2529 30 000    Лейциттiң, нефелиннiң                        GD 040
                    немесе нефелин
                    сиенитiнiң қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2529 10 000    Дала шпатының                                GD 050
                    қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2618 00 000   Шойын және болат                              GD 060
                   өндiрiсi кезiнде пайда
                   болатын түйiршiктелген
                   шлак
     _____________________________________________________________________
     2619 000      Вагран шлактары                               YA 010
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Электропеш                                    GС 070
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Домна шлактары
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Конвертер шлактары
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Өзге де болат құю
                   шлактары
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Болат құю өндiрiсiнiң
                   суындысы
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Болат құю шламдары
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Прокаттан шығатын шламдар
     _____________________________________________________________________
     2619 00       Құюдан шығатын шламдар
     _____________________________________________________________________
     2620 11 000   Гарцинк (мырыш-темiр құймасы)    Y23          GB 010
     _____________________________________________________________________
     2620 19 000   Мырыш шлактары                   Y23          GB 025
     _____________________________________________________________________
     2620 19 000   Мырыш шламы                      Y23
     _____________________________________________________________________
     2620 20 000   Қорғасын алымы                   Y31          YA 030
     _____________________________________________________________________
     2620 20 000   Қорғасын күйiгi                  Y31
     _____________________________________________________________________
     2620 20 000   Қорғасын шламы                   Y31
     _____________________________________________________________________
     2620 90       Өзге де металл шламдары                       YA 040
     _____________________________________________________________________
     2620 40 000   Алюминий бар жеңiл                            YA 050
                   металдың алымы
     _____________________________________________________________________
     2620 40 000   Алюминий бар тұзды
                   шлактар
     _____________________________________________________________________
     2620 50 000   Котелдарды тазарту қалдықтары                 YA 060
     _____________________________________________________________________
     2620 90       Магнилi жеңiл металдың алымдары               YA 070
     _____________________________________________________________________
     2620 90       Магнилi, тұзды шлактар
     _____________________________________________________________________
     2620 90       Магний оксидiнiң шламы
     _____________________________________________________________________
     2837          Цианды бекiтетiн                 Y7
                   (шыңдайтын) ванналардан
                   шығатын шлам
     _____________________________________________________________________
     2805 40 90    Сынапты қалдықтар                Y29
     _____________________________________________________________________
                   Графиттегi сынап
     _____________________________________________________________________
                   Белсендi көмiрдегi сынап
     _____________________________________________________________________
     2621 00 000   Көмiр күлi                                    GG 030
     _____________________________________________________________________
     2621 00 000   Котел шлактары                                GG 030
     _____________________________________________________________________
     2621 00 000   Дәстүрлi отынмен жұмыс                        Y 18
                   істейтiн жағу
                   агрегаттарының түтiн
                   ұстағыш қондырғысынан
                   шығатын тұзды, қатты
                   қалдықтар (реактивтiк
                   гипссiз)
     _____________________________________________________________________
     262100000     Ұшатын күлдер және жағу          Y 18         GG 040
                   қондырғыларының шаңы
     _____________________________________________________________________
     262100000     Балқыма электролизiнен                        YB 010
                   шығатын шлактар
     _____________________________________________________________________
     262100000     Қалдықтарды өртейтiн
                   қондырғыдан шығатын
                   ұшатын күлдер мен
                   шаңда
     _____________________________________________________________________
     262100000     Пиролиз                          Y11
                   қондырғыларының
                   шлактары мен күлдерi
     _____________________________________________________________________
     262100000     Темiрi көп (20%-тен                           GG 080
                   жоғары) және өнеркәсiптiк
                   стандартқа сәйкес өңделген
                   химиялық тұрақтандырылған мыс
                   өндiрiсінен шығатын шлактар
     _____________________________________________________________________
     262100000     Жербалшық өндiрiсiнен                         GG 110
                   шығатын нейтралданған
                   қызыл саз
     _____________________________________________________________________
     2713 90       Коксхимиялық және газ                         YC 010
                   зауыттарының шламдары
     _____________________________________________________________________
     2803 00       Активтендiрiлген                              GG 060
                   (пайдаланылған) көмiр
     _____________________________________________________________________
     2804 50       Телдурлы қалдықтар               Y 28         GA 410
     _____________________________________________________________________
     280480000     Мышьякты қалдықтар               Y 24         YA 090
     _____________________________________________________________________
     280400000     Селендi қалдықтар                Y 25         GA 400
     _____________________________________________________________________
     281122000     Құю өндiрiсiнде пайдаланудан                  GD 070
                   басқа қатты түрдегi кремнезем
                   қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     2844 30       Торий қалдықтары және                         GА 390
                   сынығы
     _____________________________________________________________________
     310320000     Фосфат тыңайтқыштары                          GG 070
                   және басқалар үшiн
                   жарамды шойын мен болат
                   өндiрiсi кезiнде пайда
                   болатын негiзгi шлак
     _____________________________________________________________________
     3912 20       Целлюлозаны                                   HC 100
                   (нитроцеллюлозаны)
                   өңдеуден шығатын қалдықтар
     _____________________________________________________________________
     3915          Пластмассалардың                              GH 010
     _____________________________________________________________________
     39151 0000    Полиэтиленнiң                                 GH 011
     _____________________________________________________________________
     391520000     Полистиролдың,                                GH 012
                   полистирол көпiршiгiнiң
                   өз базасындағы
     _____________________________________________________________________
     391530000     Поливинил хлоридтiң                           GG 013
                   және пенопластың
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Целлюлоидтiң,                                 GH 014
                   Фото-кинопленканың
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Полиуретанның
     3915 90       полиэтилентерефталатасының
                   Пленкасы
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Полиамид
                   поликорбанаттарының
                   полиуретан көпiршiгiнiң,
                   Полиакрилаттардың
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Оргшынының
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Поливинилацетаттың
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Поливинил спиртiнiң
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Полиолефиннiң
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Полипрофиленнiң
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Фторлы пластмассалардың                       Y 45
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Акрилонитрилдiң
                   сополимерi
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Бутадиеннiң сополимерi
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Стиролдың сополимерi
     3915 90
     3915 90       Полибутилентерефталаттың
     3915 90       Полисилоксаланның
     3915 90       Полиэтиленсульфидi
                   Подлиметилметкрилатаның
                   Поливинилбутиролдың
                   (силикон)
     _____________________________________________________________________
     3915 90
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Фенолформальдегид және           Y 13         GH 015
                   мелафинформальдегид
                   қарамайлары
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Эпоксид қарамайлары
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Карбамидформальдегид
                   қарамайлары
     _____________________________________________________________________
     3915 90       Алкид қарамайлары
     _____________________________________________________________________
     400400000     Резина қалдықтары және                        GK 010
                   қиындылары
     _____________________________________________________________________
     400400000     Басқа да пайдаланылған                        GK 010
                   резина-техникалық
                   бұйымдар
     _____________________________________________________________________
     4012 20       Ескi шиналар, тозған                          GK 020
                   камералар
     _____________________________________________________________________
     401390900     Покрышкалар
     _____________________________________________________________________
     4017 00       Қатты резинаның қалдықтары                    GK 030
                   мен сынықтары
     _____________________________________________________________________
     411000000     Терi кәсiпорындарының                         YC  180
                   ағын суын тазартудан
                   шығатын шлам
     _____________________________________________________________________
     411000000     Шикiзат қатпаршағы
     _____________________________________________________________________
     411000000     қырқынды кесіндiлер
     _____________________________________________________________________
     411000000     Хромдалған және терiс
                   айналдырылған терi
                   жартылай фабрикаттардың
                   шеткi бөлiктерiнен
                   шығатын кесiндiлер
     _____________________________________________________________________
     5505          Жасанды талшықтар                             GJ 110
                   қалдықтары:
     _____________________________________________________________________
     5505 10 000   Полиамидтiң                                   GJ 111
     _____________________________________________________________________
     5505 10 300   Полиэфирдің
     _____________________________________________________________________
     5505 10 500   Полиакрилдердiң
     _____________________________________________________________________
     55020000      Целлюлоздық                                    GJ 112
     _____________________________________________________________________
     7001 00       Шамдар, кинескоптар мен                        YB 040
                   өзге де ерекше қоспалары
                   бар бұйымдар өндiрiсiнен
                   шығатын шынының қалдықтары
     _____________________________________________________________________
     780200000     Қорғасынды қалдықтар             Y 31         GA 150
     _____________________________________________________________________
     790200000     Мырышты қалдықтар                Y 23         GA 160
     _____________________________________________________________________
     800200000     Қалайы қалдықтары                             GA 170
     _____________________________________________________________________
     810191900     Вольфрамды қалдықтар                          GA 180
     _____________________________________________________________________
     810291900     Молибдендi қалдықтар                          GA 190
     _____________________________________________________________________
     810310900     Танталды қалдықтар                            GA 200
     _____________________________________________________________________
     810420000     Магнилi қалдықтар                             GA 210
     _____________________________________________________________________
     810510900     Кобальттi қалдықтар                           GA 220
     _____________________________________________________________________
     810600100     Висмутты қалдықтар                            GA 230
     _____________________________________________________________________
     810710900     Кадмилi қалдықтар                Y 26         GA 240
     _____________________________________________________________________
     810810900     Титанды қалдықтар                             GA 250
     _____________________________________________________________________
     810910900     Цирконилдi қалдықтар                          GA 260
     _____________________________________________________________________
     811000190     Сүрме қалдықтары                 Y 27         GA 270
     _____________________________________________________________________
     811100190     Марганецтi қалдықтар                          GA 280
     _____________________________________________________________________
     811211900     Берилийдiң қалдықтары            Y 20         GA 290
                   мен сынықтары
     _____________________________________________________________________
     811220390     Хромды қалдықтар                 Y 21         GA 300
     _____________________________________________________________________
     811230400     Германий қалдықтары мен                       GA 310
                   сынықтары
     _____________________________________________________________________
     811240190     Ванадий қалдықтары                            GA 310
     _____________________________________________________________________

Қолданыстағы