О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 1438
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 1438
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1438
- Қабылданған күні
- 21.09.2000
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2009 AI6981_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000001438_
- ЭКБ идентификаторы
- 6981
- Редакция идентификаторы
- AI6981_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:16
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1438 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуiнiң тәртiбiндегi:
2-тармақтағы 9) тармақшада "өнiмдерiн" деген сөзден кейiн "оқу-әдiстемелiк әдебиеттi сатудан алынатын қаражат; тәрбиеленушiлердiң оқу-өндiрiстiк шеберханалардағы, қосалқы шаруашылықтардағы, кәсiпорындар мен басқа да ұйымдардағы жұмысы үшiн алынатын қаражат; мектептер мен мектеп-интернаттарының оқушылардың тамақтануы үшiн ата-аналардан алатын қаражаты; мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң қарамағындағы асханалар ұсынған тамақтану үшiн оқушылардан түсетiн төлем; оқушылардың жұмысы үшiн мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi кәсiпорындардан алатын қаражат; мектеп жанындағы күндiзгi лагерьлерде балалардың болғаны үшiн ата-аналардан мектептер алатын қаражат" деген сөздермен толықтырылсын.