О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 1438
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 1438
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 190
- Қабылданған күні
- 24.02.2003
- Көрсетілген редакция
- 20.07.2009 AI14573_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.07.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000190_
- ЭКБ идентификаторы
- 14573
- Редакция идентификаторы
- AI14573_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:26
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.20. N 1102 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. "Мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi N 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 47, 440-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерінің ақылы бiлiм беру қызметiн көрсетуінің тәртiбi:
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
"2-3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ақылы бiлiм беру қызмет көрсетуiне, сондай-ақ жоғарғы, жоғарғы оқу орнынан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызмет көрсетуi жатады".
5-тармақтың үшiншi абзацында:
"2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында";
"кәмелетке толған азаматтар" деген сөздерден кейiн "немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.
6-тармақтың екiншi абзацындағы "2-1 және 2-2-тармақтарында" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1 және 2-2, 2-3-тармақтарында".