Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»

Бұйрық · № 159 · қабылданған 23.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1999-no-14-ekb-193637/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации» Қолданыста Бұйрық ·№ 159 ·23.02.2024
23.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 159 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
Атауы (қаз.)
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
23.02.2024
Көрсетілген редакция
23.02.2024 193637_688080.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034040
ЭКБ идентификаторы
193637
Редакция идентификаторы
193637_688080
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:01

0 «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеген кезде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексереді, мәліметтерді архивтік материалдардың деректерімен салыстырып тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне «ерекше белгілер» бағанына, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы техникалық қателерді түзетеді.
Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы