О внесении изменений и дополнений в "Правила регистрации залога движимого имущества", утвержденные Приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в "Правила регистрации залога движимого имущества", утвержденные Приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің Бұйрығымен бекітілген 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 23.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 23.08.1999 AI4198_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000914_
- ЭКБ идентификаторы
- 4198
- Редакция идентификаторы
- AI4198_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:57
0 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің Бұйрығымен бекітілген 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне" өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254 "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-1 "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкестендіру мақсатында, бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы N 14 бұйрығымен бекітілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу Ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады".
2. 1 бөлім 1-1 тармағымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
"Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды".
3. 2-бөлім алып тасталсын.
4. 5-тармақ алып тасталсын.
5. 6-тармақта: "меншік" деген сөз алып тасталсын.
6. 5-бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Объектілер және тіркеу орны".
7. 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Әділет министрлігі тіркеу органдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу реестріндегі тіркеу объектісі, кепілі заң актілеріне сәйкес өзге тәртіпте жүргізілетін (тіркелетін), міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерінен басқа, осы Ережелермен бекітілген, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлік кепілі болып табылады.".
8. 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ережелермен белгіленген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік
кепілі:
1) Кепіл жөнінде шарт жасасқан жақ талабы немесе кепіл жағдайы
көрсетілген өзге шарт бойынша;
2) Егерде кепіл жөнінде шарт немесе кепіл жағдайы көрсетілген
өзге шарт бойынша кепілдікте тұрған мүлікті келесі кепілге беруге
(қайта кепілдікке) беруге тыйым салынған болса тіркеледі.
Осы Ережелермен бекітілген тәртіпте тіркелетін жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу:
1) Кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлғаның тіркелген
орны бойынша;
2) Егерде кепіл беруші жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер
болған жағдайда, салық төлеуші ретінде тіркеу орны бойынша жүргізіледі.