О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 «Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации»
- Атауы (қаз.)
- «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 299
- Қабылданған күні
- 28.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2015 92599_22012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011771
- ЭКБ идентификаторы
- 92599
- Редакция идентификаторы
- 92599_22012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:51
0 «Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы №14
бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа:
2-тармақтың 1), 2) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның филиалдарының жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастар қатысушылары әрекеттерінің, кепіл туралы шартта немесе кепілдің талаптары көрсетілген басқа шартта (кепілді тіркеу туралы өтініш) көрсетілген мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу жөніндегі, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру және Жылжымайтын мүлік орталықтарының басқа да іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;
2) тіркеуші орган - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асырушы Жылжымайтын мүлік орталығы;»;
2-тармақтың 4), 5) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Жылжымайтын мүлік орталығы арызданушыға беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;
5) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) - Жылжымайтын мүлік орталығы жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйес;»;
келесі мазмұндағы 6-1- тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде активтерді және міндеттерді бір уақытта беру туралы шартқа өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) осы Нұсқаулықтың 1 және 1-1 қосымшаларына сәйкес келмейтін өтініштер;»;
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«18. Кепілді тіркеу ХҚКО арқылы тіркеуші органға 2 жұмыс күні ішінде өтініш беру арқылы жүргізіледі.
Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, қол қойылған өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға ауысуы не құқықтарды (талаптарды) беру туралы шарт) табыстау актісінің немесе оның көшірмесінің (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол тіркеуші орган өтініште көрсетілген мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен өтініш берушіге қайтарылып беріледі.»;
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Нұсқаулық 1-1 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамамен белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 мамыр
№ 299 бұйрығына
1 Қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы нұсқаулыққа
1 Қосымша
Нысан
________________________________________________________________________
тіркеуші органның атауы
Кепіл беруші
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), тұрған жері,
туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан
әрі – БСН) ________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №_______
берілді _____________________________________берген күні ____________
(құжатты берілген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны____________________________________
______________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінд
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. және туған күні мен жылы; заңды тұлғаның атауы,
БСН:_____________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №_____
берілді _____________________________________ берілген күні ___________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны____________________________________
______________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
__________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_______________
_________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні ____________________________________________
Шарттың жасалған жері ___________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің сипаттамасы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтері: Ия/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. _______________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керегі емесін сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20_____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ____________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ._____________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы _______________________________________
2 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 28 мамыр
№ 299 бұйрығына
2 Қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
1-1 Қосымша
Нысан
____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Кепіл ұстаушы____________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., туған күні және жылы немесе заңды тұлғаның
атауымен тіркеу номірі)
_________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_______
берілді ___________________________________берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны____________________________________
______________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруларды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын_________________________________________________
Шарттың жасалған күні ___________________________________________
Шарттың жасалған орны ____________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға __________
2. _______________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:_____________________ 20_____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ____________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. және қолы: ______________________________________
Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
_______________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ «___»______20___ж.
(қолы)