Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 "Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

Бұйрық · № 55 · қабылданған 29.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-1999-no-14-ekb-98748/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 "Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации" Қолданыста Бұйрық ·№ 55 ·29.01.2016
29.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 "Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

Қолданыста Бұйрық ·№ 55 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 22 февраля 1999 года № 14 "Об утверждении Инструкции по регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"
Атауы (қаз.)
"Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55
Қабылданған күні
29.01.2016
Көрсетілген редакция
29.01.2016 98748_122610.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013026
ЭКБ идентификаторы
98748
Редакция идентификаторы
98748_122610
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:43

0 «Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы
нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 22 ақпандағы № 14
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабын 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы №14 бұйрығына (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулық осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйелерінде ресми жариялануын;

2 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын;

3

3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
1999 жылғы 2 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен бекітілген
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеу бойынша
нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (будан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жүргізу рәсімін нақтылайды. Нұсқаулық заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (будан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануына жатады.

2 2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу – Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастар қатысушылары әрекеттерінің, кепіл туралы шартта немесе кепілдің талаптары көрсетілген басқа шартта (кепілді тіркеу туралы өтініш) көрсетілген мәліметтерді жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне енгізу жөніндегі, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік беру Мемлекеттік корпорация басқа да іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылатын жылжымалы мүлік кепілін есепке алу рәсімі;

2 2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік – Мемлекеттік корпорация арызданушыға беретін және жылжымалы мүлік кепілін тіркеу фактісін растайтын құжат;

3 3) жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі (кепіл тізілімі) –Мемлекеттік корпорация жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі;

4

4) Мемлекеттік корпорация – мемлекеттік қызметтер көрсету үшін өтініштерді қабылдау және «жалғыз терезе» қағидасы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға нәтижелерін беру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.

5 5) өтiнiш берушi – Мемлекеттік корпорация кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;

2 2. Осы Нұсқаулықтың әрекеті міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге, сондай-ақ заңнамалық актілерге сәйкес басқа органдар немесе өзге тәртіпте тіркейтін жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеуге таралмайды.

2 2. Объектілер және тіркеу орны

3 3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:

1 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;

2 2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркеледі.

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлiн тiркеу:

1 1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша;

2 2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.

3 3. Тіркеудің негізі мен әдісі

4 4. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) тіркеу кепілі туралы арызынан мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілгендей, жазбаша арызбен бірге ұсынылған құжаттар жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуге негіз болады.

4 4. Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың тізбесі оларға қойылатын талаптар, олардың мазмұны

6 6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін арызданушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынып, Мемлекеттік корпорация арқылы тіркеу органына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш;

2 2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келетін кепіл туралы шарт немесе кепіл жағдайлары мазмұндалған шарт екі данада;

3 3) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі оның өкілеттігін дәлелдейтін құжат, сол сияқты жеке басын куәландыратын құжат;

4 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алымды төлегендігі туралы құжат («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы).

Мүлік қайта кепілге қойылған жағдайда – алдындағы кепіл ұстаушылардың олардың хабардар екендігі және жылжымалы мүлікті қайта кепілге қоюға қарсылық білдірмейтіндігі туралы хаттары, сол сияқты төлем тапсырмасы болу қажет.

7 7. Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде активтерді және міндеттерді бір уақытта беру туралы шартқа өзгерістер мен қосымшаларды тіркеу кезінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

8 8. Өтініш өтініш берушімен өзі немесе өкілі арқылы Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылады.

9 9. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге берілетін құжаттар тиісті дайындалған түрде Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданады. Тазартқан, қосып жазылған, сызып тастаған сөз және басқа да ескертусіз жасалған түзетулер қабылданбайды.

5 5. Тіркеу рәсімі мен мерзімі

10 10. Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған соң өтініш иесіне осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынған құжаттарды алғандығын растайтын, күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген қолхат береді.

11 11. Мемлекеттік корпорация қажетті құжаттарды алғаннан бастап:

1 1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтінішті осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды есепке алу кітабына енгізеді және нөмір береді;

2

2) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркеліміне (соның ішінде компьютерлік базаға) кепілді тіркеу туралы өтініштен мәліметтер енгізеді. Тіркеу нөмірі тіркеу жылына және қабылданған өтініш нөмірімен сәйкес келеді және сызықша арқылы жазылады;

3 3) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілін кепіл шартына осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тіркелгендігін куәландыру штампын қояды;

4 4) өтініш берушіге осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысанда және тіркеуші органның белгісімен міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті береді, кепіл шарты көрсетілген, кепіл немесе келісім шарт туралы шарттың түпнұсқасын қайтарады.

12 12. Жылжымалы мүлік кепілі екі жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс.

13 13. Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлік кепілі туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді.

14

14. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізілімінің «айрықша белгілер» бағанасында, сонымен қатар кепілді тіркеу туралы куәлікте қосымша жазба енгізу арқылы жүргізіледі.

6 6. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тәртібі

15

15. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан кезде, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен жылжымалы мүлік ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш жібереді.
Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорация қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 8,9 -қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрінде міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

16 16. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат және жылжымалы мүлік кепілі бойынша екінші деңгейдегі банктің ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

7 7. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тарту

17 17. Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1 1) Кепіл шарты мазмұнының Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;

2 2) Өтініштердің осы Нұсқаулықтың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес келмеуі;

3 3) осы Нұсқаулықтың 6-тармағымен бекітілген толық емес құжаттар тізімі.

18 18. Бас тартылған жағдайда Мемлекеттік корпорация заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасап, өтініш иесіне құжаттар қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жібереді.

8 8. Тіркелген кепілдің әрекетін өзгертуді, толықтыруды және тоқтатуды тіркеу тәртібі

19 19. Кепілді тіркеу Мемлекеттік корпорацияға 2 жұмыс күні ішінде өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды), соның ішінде бір уақытта активтер мен міндеттемелерді беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде өтінішке екі данада жасалған, қол қойылған өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы шарт ұсынылады (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға ауысуы не құқықтарды (талаптарды) беру туралы шарт) табыстау актісінің немесе оның көшірмесінің (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі), ол Мемлекеттік корпорация өтініште көрсетілген мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгімен өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

20 20. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа аумағынан қайта тіркелген заңды тұлға, сондай-ақ жеке тұлға, жеке кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, өтініш иесі тіркеу белгісі бар бастапқы кепіл туралы шарттың көшірмесін ұсынуы қажет.

21

21. Кепіл туралы шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанда кепіл ұстаушының жазбаша өтінішін және негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжаттарын ұсынып, жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі жазбаны жою арқылы тіркеу жүргізіледі, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік қайтарылады. Аталған мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған жағдайда оларды хабардар еткендігі туралы құжат ұсыну арқылы жазба жойылады.

1 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
1 Қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
органның атауы
№ ____ өтініш
Кепіл беруші
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұрған жері, туған күні және жылы;
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі ______ сериясы ______ №________
берілді _____________________________________берген күні ____________
(құжатты берілген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
___________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және туған күні мен жылы;
атауы, заңды тұлғаның БСН____________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: түрі _________ сериясы _____ №______
берілді _____________________________________ берілген күні _________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
____________________________________________________________негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Жылжымалы мүлік кепілі шартын тіркеуіңізді сұраймын:_________________
_____________________________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған жері _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік кепілінің
сипаттамасы)_________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтері: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия Жоқ (керегі емесін сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________________________ 20____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:______________________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Уақыты: ___________________________ сағ. _______________________ мин.
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы __________________

2 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
2 Қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
органның атауы
№ ____өтініш
Кепіл ұстаушы________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),, туған күні және жылы
немесе заңды тұлғаның атауымен тіркеу номірі)
_____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ______ сериясы ______ №_________
берілді ___________________________________берілген күні ____________
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны_________________________________________
_________________________________________________ атынан әрекет етеді
(уәкілетті өкілдің деректемелері)
_________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжаттың деректемелері)
Өзгерістерді және/немесе толықтыруларды немесе кепілдің тоқтатылуын
тіркеуді сұраймын____________________________________________________
Шарттың жасалған күні _______________________________________________
Шарттың жасалған орны _______________________________________________
Кепілдің мәні туралы мәліметтер (жылжымалы мүлік сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы __________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
Кепілге салынған мүлік кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының
_______________________________ билігінде және пайдалануында қалады:
Оны қолдану мүмкіндігі: Ия/Жоқ
Қайта кепілге беру туралы мәліметтер: Ия/Жоқ (керек емесін сызып
тастау)
Өтінішке қоса беремін: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, кім және
қашан берді)
1. Төлегені туралы құжат: түрі____________ № ________ сомаға ________
2. __________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Ия/Жоқ (керегі жоғын сызып тастау)
Өтініштің берілген күні:___________________ 20 _____ ж.
Өтініштің қабылданған күні:________________ 20 _____ ж.
Өтініш берушінің қолы: ______________________________________________
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы: _________________
Уақыты: ________________ сағ._________ мин.
______________________________
Ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
_______________ «___»______20___ж._________ (қолы)

3 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
___________________________________________________
органның атауы
Қолхат
Өтініші бойынша құжаттарды қабылдау № ______ 200___ ж. «___» ________
Уақыты: _______ сағ.________ мин.
---------------------------------------------------------------------
Қабылданған құжаттар тізбесі: (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан
және кім берді)
1. Төлегені туралы құжаты: түрі __________ № _______ сомаға _________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдаған:_______________________ Өтінішті толтырған күні __________
Өтініш қабылдау бойынша Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
_______________________________ 20 ______ ж.
---------------------------------------------------------------------

4 Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы

Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
Нысан
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге түскен құжаттарды есепке алу кітабы
Өтініш

Тізілім нөмірі
Күні мен уақыты (сағаты мен минуты) өтінішті қабылдаған қызметкердің қолы
Өтініш беруші
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) тұрған жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН
Кепілдің мәні
Құжаттарды берген күні
Алушының қолы
1
2
3
4
5
6
7

5 Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі

Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
5-қосымша
Нысан
Парақ № ___________
Тіркеу ісі № ______
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі
Жазба №
Тізілім №
Кепіл мәні
Кепіл ұстаушы
Кепіл беруші
Кепіл сомасы
Шарттың қолданылуы
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тұрған жері, туған күні және жылы;
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, БСН
1
2
3
4
5
6
7
Кестенің жалғасы:
Ауыртпалықтың туындауы
Ауыртпалықтың тоқтатылуы
Тіркеушінің ерекше белгілері
Құжаттың атауы және №
Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы
Құжаттың атауы және №
Күні мен уақыты (сағаты және минуты) тіркеу №; Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), және қолы
8
9
10
11
12
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру үшін негіздеме
Орны ауыстырылған (жапқан кездегі) жазбалардың немесе соңғы жазбалардың (жалғастырған кездегі) тізбесі
Парақ нөмірі (жалғастырған кездегі)
Күні, уақыты (сағаты және минуты)
Тіркеушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы

6 Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 200__ ж. «___» _________ № ____

Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан
______________________________________________________
органының атауы
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
200__ ж. «___» _________ № ____
Берілді _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректері
Жылжымалы мүлікке қатысты:
Мүліктің түрі
Тізілім нөмірі
Кепіл мәнінің сипаты
Құрамдастар саны
Құны
Ескертпе
кепілдің тіркелгеніне дәлелдеме ретінде
______________________ тіркелген _______________________ кепіл затына
тіркелген күн кепіл затын сипаттау
Кепіл ұстаушының құқығы _______________________________________________________
жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда), тұрған жері, туған күні және жылы,
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және БСН
Кепіл мәніне __________________________________________________________________
кепіл мәнінің сипаты
Кепіл туралы шарттың негізінде туындады _______________________________________
Шарт жасалған күні
Тіркелген _________________ және мынадай негізгі шарттарды қамтиды:
тіркелген күні және нөмірі
_______________________________________________________________________________
негізгі міндеттемелердің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа шарттары
Кепіл берушінің ___________ құқығы ____________________________________________
құқық түрі жеке тұлғаның Т.А.Ә.(бар болған жағдайда),, тұрған жері, туған
күні және жылы
_______________________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі
расталды ______________________________________________________________________
кепіл мәніне құқығын белгілеуші құжатының атауы,
қабылдаған күні, тіркеу нөмірі және күні
Тіркеуші _________________ ________________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
Басшысы __________________ М.О. ________________________________
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) қолы
_______________________________________________________________________________
Ескертпе

1 1. Осы куәлік кепіл өтелген кезде Мемлекеттік корпорацияға қайтарылуы тиіс.

2 2. Куәлік жоғалған (бүлінген) жағдайда құқық иесі куәліктің жоғалған

(бүлінген) себебін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияға өтініш беруге міндетті.

7 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
7-қосымша
Нысан
Мөртабан үлгісі:
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркегендігін куәландыру үшін
мөртабан
_________________________________
(органның атауы)
Өтініш № _________________________
Өтінішті қабылдаған
күні және уақыты ___________________
Тізілім № ________________________
Тіркеген күні ______________________
Тіркеуші _________________________
Қолы _______________________________
Басшысы __________________________
Қолы _______________________________

8 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
8-қосымша
Егер кепілберуші жеке тұлға болған
жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы
электрондық куәлігінің
Нысаны
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік
Органының атауы ______________________________________________
№ _____ ___ Күні ___
______ банк кредитор ________________________________________ берілді
Мүлік түрі
Тізілімдік нөмірі
Кепіл затының сипаттамасы
Бөлшектердің саны
Бағасы
Жылжымалы мүлікке кепіл тіркелгенін растау үшін.
Кепіл ұстаушы құқығы:
БСН ______________
Кепіл ұстаушы атауы _________________________________________________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
____________________________________________ затына кепіл негізделді.
№ __________ күні __ кепіл шарты
№ _____ кепіл шартына қосымша келісім № ___ қосымша келісім жасалған
күн ___(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № __ және келесі негізгі шарттарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____
Негізгі міндеттеме мөлшері _____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепіл беруші деректері
ЖСН _____
Тегі, аты және бар болған жағдайда әкесінің аты ____________________
Туған күні _____________________________
Жеке куәлік № ____________ күні ____ берілді
Мекен-жайы _____________________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей Государственной корпорации

9 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
9-қосымша
Егер кепілберуші заңды тұлға болған
жағдайда міндетті
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүлік
кепілін мемлекеттік тіркеу туралы
электрондық куәлігінің
Нысаны
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеу туралы куәлік
Органының атауы ______________________________________________
№ _____ ___ Күні ___
_____ банк кредитор ______________________________________ берілді
Мүлік түрі
Тізілімдік нөмірі
Кепіл затының сипаттамасы
Бөлшектердің саны
Бағасы
Жылжымалы мүлікке кепіл тіркелгенін растау үшін.
Кепіл ұстаушы құқығы:
БСН ______________ ЖСН
Кепіл ұстаушы атауы ___________________________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
_______________________________________ затына кепіл негізделді.
№ ______ __ күні __ кепіл шарты
№ ___ кепіл шартына қосымша келісім № _______ қосымша келісім жасалған күн ___
(бар болған жағдайда)
Тіркелген күні ___ және № ____ және келесі негізгі шарттарды қамтиды:
Негізгі міндеттеме мерзімі _____
Негізгі міндеттеме мөлшері _____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кепіл беруші деректері
БСН _____
Мекеме атауы ________________________
Заңды мекен-жайы ____________________
Мүлікке құқық түрінің атауы ____________________
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей Государственной корпорации

10 Міндетті мемлекеттік тіркеуге

жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін
тіркеу туралы нұсқаулыққа
10-қосымша
Міндетті мемлекеттік тіркеуге
жатпайтын жылжымалы
мүлік кепілін тіркеуге дәлелді бас тарту
туралы
Нысаны
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
кепілін тіркеуге дәлелді бас тарту туралы
Хабарлама
Өтініштің бірегей нөмірі №_________________Күні__________________________________
Бас тартудың негізі:_____________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(дәлелді бас тартудың мәтіні заңның баптарына сілтемеге заңгердің келісімімен
Мемлекеттік корпорацияда құрылады)
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 1-бабына сәйкес қағаз жеткiзгiштегi құжатпен бiрдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код ЖМР АЖ ақпараттық жүйесінен алынған және Әділет басқармасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді
штрих-код содержит данные, полученные из ИС «Реестр движимого имущества» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующей Государственной корпорации

Қолданыстағы