О внесении изменения и дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 29 «О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан» и от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 29 «О мерах по дальнейшей оптимизации системы государственных органов Республики Казахстан» и от 5 октября 2020 года № 428 «О некоторых вопросах Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 632
- Қабылданған күні
- 27.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2024 200116_720736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2400000632
- ЭКБ идентификаторы
- 200116
- Редакция идентификаторы
- 200116_720736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:56
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі
шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және
«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы
№ 428 жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері
385
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері
391
»;
2 2) «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Цифрландыру департаменті
Әдеп жөніндегі уәкіл».