О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 22 июня 1999 г. № 315 и Агентства Республики Казахстан по инвестициям от 22 июня 1999 г. № 1
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 22 июня 1999 г. № 315 и Агентства Республики Казахстан по инвестициям от 22 июня 1999 г. № 1
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестнциялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 17.10.2000
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2010 AI7382_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001286_
- ЭКБ идентификаторы
- 7382
- Редакция идентификаторы
- AI7382_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:13
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестнциялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.01.18 N 12 және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2010.01.19 N 11 Бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгiлеудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығын "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 96-1-бабына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгілеудiң тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 315 және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 22 маусымдағы N 1 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауында және 1-тармақта:
"жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн" деген сөздер "жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер қойнауын пайдалануға" деген сөздерден кейiн "(барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн белгiлеудiң тәртiбi туралы ережелерде:
атауында және 1-тармақта:
"жазылу жүргiзiлетiн бонустардың мөлшерлерiн" деген сөздер "жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жер қойнауын пайдалануға" деген сөздерден кейiн "(барлау, бiрлескен барлау және өңдеу жүргiзуге, сондай-ақ көп кездесетiн пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiруге)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығының" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"бастапқы мөлшердi" деген сөздер "бастапқы мөлшердi ескере отырып, бiрақ одан төмен емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және" деген сөзден кейiн "учаскесiн (блогын) жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
4.1-тармақ мынадай мазмұндағы б) тармақшасымен толықтырылсын:
б "б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 200 (екi жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс.";
4.2-тармақта:
а) тармақшасының алтыншы абзацындағы "күтiлiп отырған, болжанып отырған қорлардың және С2 санаты қорларының" деген сөздер "санаттар бойынша күтiлiп отырған (болжанып отырған) жиынтық қорлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы б) тармақшасымен толықтырылсын:
"б) жер асты суларына арналған келiсiм-шарттар үшiн жазылу бонусының ең аз мөлшерi 400 (төрт жүз) АҚШ долларынан төмен болмауы тиiс.";
4.3-тармақта:
а) тармақшасында:
бiрiншi абзацтағы "мен көп кездесетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттар" деген сөздер "көп кездесетiн пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келiсiм-шарттарды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылып "тау-кен келiсiм-шарттары" деген сөздердiң алдынан жазылсын;
төртiншi абзацтағы "қолданылатын проценттiк мағына 0,01%-тен төмен емес" деген сөздер "ең аз мөлшерi 0,01%-тi құрайтын проценттiк мағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
ә) тармақшасының төртiншi абзацындағы "қолданылатын проценттiк мағына 0,02%-тен төмен емес" деген сөздер "ең аз мөлшерi 0,02%-тi құрайтын проценттiк мағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4.4-тармақтағы "Техногендiк пайда болуларды" деген сөздердiң алдынан "Жер асты суларын өндiруге және" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Ережелерге сәйкес есептелген жазылу жүргiзiлетiн бонустың мөлшерi келiссөздер барысында қайта қаралуы мүмкін, бірақ белгіленген бастапқы мөлшерден төмен болмауы тиіс.".