О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 апреля 2002 года N 325 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 апреля 2002 года N 325 "Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 760
- Қабылданған күні
- 12.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2008 AI26292_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050004004_
- ЭКБ идентификаторы
- 26292
- Редакция идентификаторы
- AI26292_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:07
0 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 31 мамырдағы N 1583 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 325 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1850 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2002 ж., N 30, 637-құжат болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мен 1-тармақтағы "мемлекеттік қызмет" деген сөздер "мемлекеттік басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің Ережесінде:
атауы мен мәтінінде "мемлекеттік қызмет" деген сөздер "мемлекеттік басқару" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Бюджеттік департаменті (Т.А.Нұрғожаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Вице-министр
2005 жылғы 25 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
2005 жылғы 22 желтоқсан