Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2003 года N 337 "Об утверждении Правил работы Конкурсной комиссии по присуждению государственных образовательных грантов и предоставлению государственных образовательных кредитов"

Бұйрық · № 440 · қабылданған 27.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2003-n-337/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2003 года N 337 "Об утверждении Правил работы Конкурсной комиссии по присуждению государственных образовательных грантов и предоставлению государственных образовательных кредитов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 440 ·27.06.2005
21.05.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2003 года N 337 "Об утверждении Правил работы Конкурсной комиссии по присуждению государственных образовательных грантов и предоставлению государственных образовательных кредитов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 440 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2003 года N 337 "Об утверждении Правил работы Конкурсной комиссии по присуждению государственных образовательных грантов и предоставлению государственных образовательных кредитов"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
440
Қабылданған күні
27.06.2005
Көрсетілген редакция
21.05.2008 AI24802_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003736_
ЭКБ идентификаторы
24802
Редакция идентификаторы
AI24802_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:35

0 "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау рәсімін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1

1. "Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау мен мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 337 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2381 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2909 тіркелген, Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 5 маусымдағы N 518 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістермен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта және атауында "және мемлекеттік білім несиелерін беру" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім несиелерін беру жөніндегі конкурстық комиссия жұмысының ережелерінде:
"және мемлекеттік білім несиелерін беруге", "және мемлекеттік білім несиелерін беру", "және мемлекеттік білім несиелері беріледі", "және мемлекеттік білім несиелерін бере тұра", "және мемлекеттік білім несиелері" деген сөздер атауынан және барлық мәтіннен алынып тасталсын;

8 8-тармақ алынып тасталсын;

9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тізбесін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандығының олар жеңімпаздары болып табылатын олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жылғы жеңімпаздарының басым құқығы болады.";

10-1 10-1-тармақ алынып тасталсын;

11-тармақтың екінші абзацында "және несиелер", "және несиелер" деген сөз алынып тасталсын;

12 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

12

"12. Даярлықтың нақты бағыттары үшін квоталанған орындар санының шегінде мамандар даярлаудың бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурстық негізде мемлекеттік сертификаттардың баллдарына сәйкес мынадай санаттағы адамдар үшін жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар үшін 2 %-дық қабылдау квотасы, бірінші, екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін 0,5 %-дық қабылдау квотасы, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1 %-дық қабылдау квотасы";
19-тармақта "және несиелер" деген сөздер алынып тасталсын;

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы