О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года N 941 "Об утверждении Правил об оказании высокоспециализированной медицинской помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года N 941 "Об утверждении Правил об оказании высокоспециализированной медицинской помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 11.08.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2009 AI25189_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003823_
- ЭКБ идентификаторы
- 25189
- Редакция идентификаторы
- AI25189_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:27
0 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығымен бекiтiлген Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2635 тiркелген, 2004 жылғы 17 қаңтардағы "Ресми газетте" N 3 (160) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережеде:
7-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi бойынша мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң (филиалының)" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң (филиалының)" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын бағалау және талдау" деген сөздер "сараптау" деген сөзбен ауыстырылсын;
15-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердің сапасын бақылау және оның аумақтық бөлiмшелерi бойынша мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын бағалау және талдау" деген сөздер "сараптау" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша комиссия туралы ережеде:
6-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.