Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года № 724

Қаулы · № 450 · қабылданған 31.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2003-no-724-ekb-45229/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года № 724 Күшін жойған Қаулы ·№ 450 ·31.03.2009
18.05.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года № 724

Күшін жойған Қаулы ·№ 450 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2003 года № 724
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
450
Қабылданған күні
31.03.2009
Көрсетілген редакция
18.05.2010 AI45229_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000450_
ЭКБ идентификаторы
45229
Редакция идентификаторы
AI45229_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:29

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"телекоммуникация және почта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарықтарда реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;
телекоммуникация және почта байланысы саласында реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;";
мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру қызметтерінің бағалары (тарифтерін) реттеу;";
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;";
мынадай мазмұндағы елу тоғызыншы және алпысыншы абзацтармен толықтырылсын:
"телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу тәртібін сақтауын бақылау;
телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру;";
20-тармақта:
2) тармақшада:
төртінші абзац алынып тасталсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"телекоммуникация және почта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу туралы шешімдер қабылдау;".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы