О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года № 941 "Об утверждении высокоспециализированной медицинской помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2003 года № 941 "Об утверждении высокоспециализированной медицинской помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 653
- Қабылданған күні
- 30.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2009 AI26467_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050004030_
- ЭКБ идентификаторы
- 26467
- Редакция идентификаторы
- AI26467_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:03
0 "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 941 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығымен бекітілген Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2635 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2005 жылғы 11 тамыздағы N 396 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3823 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы Ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ЖММК көлемі мен түрлері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен тізбелерге сәйкес стандарттарға (емдеу мен диагностиканың хаттамаларына) сәйкес белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. ЖММК мөлшерлі көлемі - төлемге жатпайтын сапасыз медициналық көмек көрсету жағдайларын қосқанда, уәкілетті органдар бекіткен, берілген есеп нысаны бойынша өзге есеп беру кезеңі (бұдан әрі - есеп нысаны) немесе жатқызу жағдайларының жалпы саны.";
7-тармақта "уәкілетті орган бекітетін (бұдан әрі - есеп нысаны)" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта "және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшысы келісетін" деген сөздер алынып тасталсын.