Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года № 13/6 "Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Ереже · № 15/7 · қабылданған 08.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2004-no-136/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года № 13/6 "Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 15/7 ·08.04.2009
15.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года № 13/6 "Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 15/7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Есильского районного маслихата от 22 декабря 2004 года № 13/6 "Об утверждении Правил осуществления социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 "Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін" бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/7
Қабылданған күні
08.04.2009
Көрсетілген редакция
15.04.2010 45923_203128.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BK000104
ЭКБ идентификаторы
45923
Редакция идентификаторы
45923_203128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:26

0 Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 "Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін" бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 6 бабына және Есіл ауданы әкімінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 01/И-375 хатына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Есіл аудандық мәслихатының «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесіне” 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 13/6 шешімімен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 3000 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 14 ақпанда аудандық “Жаңа Есіл” газетінде жарияланған ), келесі шешімдермен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, Есіл аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 5/5 « Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы № 13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-78 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 11 ақпанда аудандық “Жаңа Есіл” газетінің 7-8 нөмірінде жарияланған), Есіл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 12 қарашадағы № 11/3 «Есіл аудандық мәслихатының 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы № 13/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмекті жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-92 нөмірімен тіркелген, 2008 жылы 29 желтоқсанда аудандық “Жаңа Есіл” газетінің 71 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
1 тараудағы:
1 тармақ «Ақмола облысы әкімдігінің «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы 2008 жылғы 07 қазандағы №А-7/428 Қаулысына сәйкес сөзімен толықтырылсын;
2 тараудағы:
4 тармақтағы екінші азат жол: «, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша емделу жолақысына» сөзі алынып тасталсын;
5 тармақ бесінші азат жолы «3000 (үш мың) теңге мөлшерінде, ертіп жүрушімен 6000 (алты мың) теңге сөзімен толықтырылсын,
5 тармақ келесі мағынадағы жаңа азат жолдармен толықтырылсын:
Жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға Есіл ауданы еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алған уақыттарына бір оқушыға жылына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде бір жолғы көмек. Төлем комиссияның шешімі бойынша жылына екі рет оқу семестрінің аяғында жүргізіледі.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап фашистік концлагерде болғандарға коммуналдық қызметін төлеуге бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек ай сайын өтінішсіз есеп шоттарына аударылып отырады.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, атаулы әлеуметтік көмек алатын қамтылуы аз азаматтарға азық-түлік себетінің өсуіне байланысты 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.
Есіл ауданында интернатура өтуге келген кезеңіне жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне интернатураның жалпы құнының 50% мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек беріледі.
4 тараудың 9 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1)өтініш,
2)өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі,
3)өтініш берушінің есеп шоты,
4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі,
5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі,
6)жеңілдік категориясына жататындығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі,
7)әлеуметтік көмекті талап ететіндігін дәлелдейтін құжат,
8)балалар үшін туу туралы куәліктің көшірмесі (0-18 жас).

2 2. Осы шешім Ақмола облысы, Есіл аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші рет ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Есіл ауданы
әкімінің м.а. Ә. Смағұлов
Ауданның жұмыстылық және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы В.Чернецкая

Қолданыстағы