О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 "Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 "Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік құралдардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 636
- Қабылданған күні
- 23.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2011 AI26397_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050004003_
- ЭКБ идентификаторы
- 26397
- Редакция идентификаторы
- AI26397_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:05
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік құралдардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік құралдардың тізімін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3331 тіркелген) келтірілген қосымшаға сәйкес мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
3 3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін жаппай ақпарат құралдарында ресми түрде жарыққа шығуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Диқанбаева жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2006 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және ресми түрде баспада жарыққа шығарылады.
0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау Министрінің
2005 жылғы 23 желтоқсандағы
N 636 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 883 "Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін бекіту туралы" бұйрығына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімінде:
1-бөлімде "Анестетиктер":
1.2-бөлімшеде "Жергілікті анестезияға арналған препараттар":
"Лидокаин" жолында:
"2мл, 10мл 1%, 2%, 10% (гидрохлорид) инъекцияға арналған ерітінді" сөздерінен кейін "; 10 % аэрозоль" сөздерімен толықтырылсын;
2-бөлімде "Анальгетиктер, антипиретиктер, қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілік заттар (ҚҚСД), подаграда қолданатын дәрілік заттар мен ревматикалық ауруларды қолданылатын дәрілер":
"Парацетамол" жолында:
"сауытта 2,4 % сироп" сөздерінен кейін ", ішке арналған ерітінді, ұнтақ, суспензия" сөздерімен толықтырылсын;
2.2-бөлімшеде "Апиындық анальгетиктер":
"Тримепиридин гидрохлориді" жолында:
"1% 1 мл-ден" сөздері "1% және 2% 1мл-ден" сөздерімен ауыстырылсын;
2.3-бөлімшеде "Подаграда, амилоидозда қолданылатын дәрілік заттар":
"Колхицин 0,5мг драже" жолы алынып тасталсын;
3-бөлімде "Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
"Дексаметазон" жолында:
"8мг/мл" сөздері "8 мг/2 мл" сөздерімен ауыстырылсын;
5-бөлімде "Қарысуға және эпилепсияға қарсы дәрілік заттар":
"Вальпрой қышқылы" жолында:
"таблетка" сөздерінен кейін ", капсуласы" сөзімен толықтырылсын;
"Диазепам" жолында:
"5мг/мл 2 мл ампуладағы (ішке немесе ректальді қолдануға арналған) инъекцияға арналған ерітінді" сөздері мына сөздермен ауыстырылсын "5мг/мл ампуладағы 2мл ден инъекцияға арналған ерітінді; 2 мг, 5 мг таблеткасы";
6-бөлімде "Микробқа және паразитке қарсы дәрілік заттар":
6.2.1-бөлімшеде "b - лактамды дәрілік заттар":
"Амоксициллин + клавулан қышқылы" жолында:
"625 мг таблеткасы; 600 мг флакондағы инъекцияға арналған ерітінді" сөздері "625мг, 375 мг таблеткасы, 600мг инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 156,25 мг/5 мл, 312 мг/5 мл, 457мг/5 мл оральді суспензия дайындауға арналған ұнтақ" сөздерімен ауыстырылсын;
"Бензатин бензилпенициллин" жолында:
"ұнтақ" сөзінен кейін "ерітінді дайындауға арналған" сөздерімен толықтырылсын;
"Цефалексин" жолында:
"125 мг, 250/5 мг суспензия және сироп" сөздері "125 мг, 250 мг суспензия дайындауға арналған гранулалар" сөздерімен ауыстырылсын;
"500 мг, 1 000 мг, 2 000 мг Цефтазидим инъекцияға арналған ұнтақ" жолымен толықтырылсын;
6.2.2-бөлімшеде "Басқа бактерияға қарсы заттар":
"Азитромицин" жолында:
"200мг/100мл флакондағы инфузияға арналған ерітінді" сөздері "500 мг флакондағы көк тамырға енгізуге арналған инфузияны дайындауға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизделген ұнтақ" сөздерімен ауыстырылсын;
"Метронидазол" жолында:
"250 мг қабықшамен қапталған таблетка, 0,5% 100 мл флакондағы инфузияға арналған ерітінді" сөздерінен кейін ", 500 мг вагинальді ембалауызы" сөздерімен толықтырылсын;
"Ципрофлоксацин" жолында:
"200 мг/100мл флакондағы инфузияға арналған ерітінді" сөздерінен кейін ", 100 мг/10мл инфузияға арналған концентрат ерітіндісі" сөздерімен толықтырылсын;
6.3-бөлімшеде "Грибокқа қарсы дәрілік заттар":
"Флуконазол" жолында:
"100мл" сөзі "2мг/мл; сироп 5мг/мл" сөздерімен ауыстырылсын;
7-бөлімде "Бас сақинасы ауруында қолданылатын дәрілік заттар":
7.1-бөлімшеде "Жедел ұстама ауруын емдеуге арналған":
"Парацетамол" жолында:
"300-500мг таблеткасы" сөздері "200-500мг таблеткасы" сөздерімен ауыстырылсын;
10-бөлімде "Қанға әсер ететін дәрілік заттар":
10.1-бөлімшеде "Анемияға қарсы дәрілік заттар":
"біркомпонентті темір еківалентті тұздарының препараттары және аскорбин мен фоль қышқылы үйлесімінен тұратын" сөздері мына редакцияда жазылсын:
"темір тұздары, біркомпонентті және комбинирленген препараттар, 30мг-нан аз емес темір тұздары бар таблетка, капсула, драже, 20мг/5 мл-нан көп темір тұздары бар оральді ерітінділер";
13-бөлімде "Дерматологиялық дәрілік заттар (жергілікті қолдануға арналған)":
13.2. "Грибокқа қарсы дәрілік заттар":
"Клотримазол" жолында:
"жақпа май, крем 1%; сауытта 1% ерітінді" сөздерінен кейін "вагинальды таблетка" сөздерімен толықтырылсын;
"Тербинафин" жолында:
"крем 1%" сөздерінен кейін ", 125 мг, 250 мг таблетка" сөздерімен толықтырылсын;
14-бөлімде "Диагностикалық заттар":
14.2-бөлімшеде "Рентгеноконтрасты заттар":
"Йогексол" жолында:
"10мл, 50мл, 100мл флакондағы ерітінді" сөздері "300мг/мл, 350мг/мл флакондағы ерітінді сауыттағы 10мл, 20мл, 50мл, 100мл" сөздерімен ауыстырылсын;
18-бөлімде "Гормондар, басқа эндокринді дәрілік заттар және контрацептивтер":
18.8-бөлімшеде "Тиреоидты гормондар және антитиреоидты дәрілік заттар":
"Калий йодиді" жолында:
"100мг, 200мг" сөздері "100мкг, 200мкг" сөздерімен ауыстырылсын;
19-бөлімде "Иммунологиялық дәрілер":
19.3. "Вакциналар" бөлімшеде:
"19.3.1. Жаппай иммунизациялауға арналған вакциналар", "19.3.2. Адамдардың жекелеген топтарын иммунизациялауға арналған вакциналар" жолдары алынып тасталсын;
20-бөлімде "Миелорелаксанттар (шеткі әсер ету механизмі) мен холинэстераза тежегіші" атауы мына редакцияда жазылсын:
"Миорелаксанттар мен холинэстераза тежегіші";
24-бөлімде "Психотерапевтикалық дәрілік заттар":
24.1-бөлімшеде "Антипсихотикалық дәрілік заттар":
"Хлорпромазин" жолында:
"таблетка" сөзі "драже" сөзімен ауыстырылсын;
24.2-бөлімшеде "көңіл-күй бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттар":
24.2.2-бөлімшеде "биополюсті бұзылыстарда қолданылатын дәрілік заттар":
"Карбамазепин" жолында:
"100мг, 200мг" сөздері "200мг, 400мг" сөздерімен ауыстырылсын;
25-бөлімде "Тыныс мүшелері аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
25.1-бөлімшеде "Бронхтық демікпе мен өкпенің созылмалы тарылу ауруларында қолдануға арналған дәрілік заттар":
"Беклометазон" жолында:
"200 мөлшер аэрозоль" сөздері "50мкг/доза, 100мкг/доза, 250мкг/дозалы аэрозоль" сөздерімен ауыстырылсын;
"Ипратропий бромиді" жолында:
"100 мл" сөздері "20мкг/доза, 40мкг/доза, 250 мг/мл ингаляцияға арналған ерітінді," сөздерімен ауыстырылсын;
"Фенотерол" жолында:
"200 мөлшер" сөздері "100 мкг/доза" сөздерімен ауыстырылсын;
мынадай жолымен толықтырылсын:
"Фенотерол гидробромиді + ипратропий гидробромиді ингаляцияға арналған ерітінді, 500мкг + 250 мкг/мл, 50 мкг + 21мкг/дозалы аэрозоль";
"Сальбутамол" жолында:
"2 мг, 4 мг таблеткасы" сөздері "4 мг, 8 мг таблетка, капсула" сөздерімен ауыстырылсын;
"Теофиллин" жолында:
"таблеткасы" сөзінен кейін ", капсула" сөзімен толықтырылсын;
"Кромоглицин қышқылы" жолы алынып тасталсын;
25.2-бөлімінде "Муколитикалық дәрілік заттар":
"Амброксол" жолында:
"15мг/5мл, 30мг/5мл сироп" сөздерінен кейін ", 7,5мг/мл ерітінді" сөздерімен толықтырылсын;
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың қосымша тізімінде:
3-бөлімде "Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксияда қолданылатын дәрілік заттар":
"Цетиризин" жолында:
"таблетка 10мг" сөздерінен кейін ", 1мг/мл сироп" сөздерімен толықтырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Норэпинефрин 0,2% 1мл инъекцияға арналған ерітіндісі";
"Хифенадин гидрохлориді 25мг таблеткасы";
5-бөлімде "Қарысуға және эпилепсияға қарсы дәрілік заттар":
"Клоназепам" жолында:
"таблетка 25мг, 100мг" сөздері "0,5 мг, 0,25мг, 1мг, 2мг" сөздерімен ауыстырылсын;
"Ламотриджин" жолында:
"таблетка 25мг, 50мг" сөздерінен кейін ", 100мг" сөзімен толықтырылсын;
6-бөлімде "Микробқа қарсы және паразиттерге қарсы дәрілік заттар":
мына бөлімше қосылсын:
6.1. "Антигельминтті дәрілік заттар":
мазмұны былай толықтырылсын:
"Альбендазол 400 мг қабықпен қапталған таблеткасы, 400 мг/10мл суспензиясы";
6.2-бөлімшеде "Бактерияға қарсы заттар":
6.2.1-бөлімшеде "В - лактамды дәрілік заттар":
"Цефуроксим" жолында:
"таблетка 250мг, 500мг; 750мг флакондағы инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ;" сөздерінен кейін ", 125мг/5мл, 250мг/5мл суспензия дайындауға арналған гранулалар" сөздерімен толықтырылсын;
"Имепинем 500мг ампуладағы инъекцияға арналған ұнтақ" жолы мына редакцияда жазылсын:
"Имепинем + Циластатин 500мг инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ";
6.2.2-бөлімде "Басқа бактерияларға қарсы заттар":
"Налидикс қышқылы" жолы алынып тасталсын;
"Нетилмицин" жолында:
"50мг/2мг" сөздерінен кейін ", 200мг/2мл" сөздерімен толықтырылсын;
"Спирамицин" жолында:
"инфузияға арналған 1,5 млн ӘБ ұнтақ (негізінен токсоплазмозда, криптоспоридиоза немесе эритромицинге төзімділікте" сөздері мына редакцияда жазылсын "1,5 млн. ӘБ, 3 млн. ӘБ таблетка, инфузияға арналған 1,5 млн. ӘБ ұнтақ (негізінен токсоплазмозда, криптоспоридиоза немесе эритромицинге төзімділікте";
6.2.4-бөлімшеде "Туберкулезге қарсы дәрілік заттар":
"Офлоксацин"жолында:
"200мг таблеткасы" сөздерінен кейін ", 2мг/мл инфузияға арналған ерітінді" сөздерімен толықтырылсын;
6.4-бөлімде "Вирусқа қарсы дәрілік заттар":
6.4.2.1-бөлімшеде "Кері транскриптазаның нуклеозидті ингибиторлары":
"75мг Осельтамивир капсуласы, 30мг ішке қабылдауға арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ" жолымен толықтырылсын;
6.5-бөлімде "Протозойға қарсы дәрілік заттар":
"Орнидазол" жолында:
"250 мг, 500 мг таблеткалары" сөздерінен кейін ", 500 мг вагинальді таблеткасы" сөздерімен толықтырылсын;
8-бөлімде "Паллиативті емдеудегі науқастарды күтуге арналған антинеопластикалық және иммуносупрессивті дәрілік заттар":
8.2-бөлімшеде "Цитотаксикалық дәрілік заттар":
бөлімшенің атауы мына редакцияда жазылсын:
"Цитостатикалық дәрілік заттар";
"Диметиларглабин гидрохлориді" жолының атауы мына редакцияда жазылсын:
"Диметиламиноарглабин гидрохлориді";
"Имепинем + цисплатин" жолы алынып тасталсын;
"Кальций фолинаты" жолында:
"таблетка 15 мг, 3 мг/мл 10 мл ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді; 25 мг, 10 мг лиофилизирленген ұнтақ" сөздері "таблетка, капсула 15 мг; 10 мг/мл инъекцияға арналған ерітінді; 10 мг, 25 мг лиофилизирленген ұнтақ" сөздерімен ауыстырылсын;
"Карбоплатин" жолында:
"150мг/15мл, 50мг/5мл инфузиялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ" сөздері "50мг/5мл, 150мг/15мл, 450мг/45мл инъекцияға арналған ерітінді немесе концентрат; 150мг/15мл, 50мг/5мл инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ" сөздерімен ауыстырылсын;
"Метотрексат" жолында:
"50 мг, 500 мг инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ" сөздері "50 мг, 500 мг инъекциялық ерітіндіні немесе концентрат дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ, инъекцияға арналған ерітінді";
"Циклоспорин" жолында:
"таблетка" сөзі "капсула" сөзімен ауыстырылсын;
"Цисплатин" жолында:
"сауытта лиофилизирленген 10 мг, 25 мг, 50 мг ұнтақ" сөздері ", инъекцияға арналған ерітінді, 0,5 мг/мл инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат" сөздерімен толықтырылсын;
"Эпирубицин" жолында:
"10 мг, 50 мг флакондағы еріткіші бар инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ" сөздері ", 2 мг/мл инфузияға арналған концентрлі ерітінді" сөздерімен толықтырылсын;
"Этопозид" жолында:
"100 мг/5 мл инъекцияға арналған ерітінді" сөздері "ерітінді, 20 мг/мл инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған концентрат" сөздерімен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Оксалиплатин флакондағы лиофилизирленген 50 мг ұнтақ";
"Хлорамбуцил 2 мкг, 5 мкг таблеткасы";
"Фотемустин инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған 208 мг ұнтақ";
"Бикалутамид 50 мг таблеткасы";
"Аримидекс қабықшамен қапталған 1 мг таблеткасы";
"Топотекан гидрохлориді 500 мг флакондағы инъекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақ";
"Амифостин 500 мг инъекциялық ерітіндіні дайындауға арналған лиофилизат";
8.3-бөлімшеде "Гормональдық және антигормональдық дәрілік заттар":
"Кальцитонин" жолында:
"1 ХБ таблетка" сөзі "100 ХБ/мл ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді; 200 МЕ/доза назальді спрей" сөздерімен ауыстырылсын;
"Трипторелин" жолында:
"3,5 мг" сөздері "3,75 мг" сөзімен ауыстырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Гозерелин 3,6 мг, 10,8 мг шприц - ампулалары";
10-бөлімде "Қанға әсер ететін дәрілік заттар":
10.1-бөлімшеде "Анемияға қарсы дәрілік заттар":
"Этопоэтин" жолы мына редакцияда жазылсын:
"Эпоэтин";
10.2-бөлімше "Когуляцияға әсер ететін дәрілік заттар":
мына мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Апротинин (тамыр ішіндегі қоюландыруындағы диссеминиреленген синдромын емдеу үшін) инъекцияға арналған ерітінді, 10 000 БҰ/м инекцияға арналған ерітіндісін дайындауға лиофилизиреленген ұнтақ";
"500мл сұйық желатин көк тамырғылыққа егуге арналған
ерітінді";
"Жергілікті қолданылатын гемостатикалық губка" сөздері "Жергілікті қолданылатын гемостатикалық заттар" сөздерімен
толықтырылсын;
12-бөлімде "Жүрек-қан тамырлары ауруларында қолданылатын дәрілік заттар":
12.1-бөлімшеде "Антиаритмиялық дәрілік заттар":
"Пропранолол" жолында:
"0,1% 10мл ерітінді" сөздері "5мг/5мл инъекцияға арналған ерітінді" сөздерімен ауыстырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Пропафенон гидрохлориді 150мг, 300мг қабықшамен қапталған таблеткасы";
12.3-бөлімде "Антигипертензивті дәрілік заттар":
"Периндоприл" жолында:
"4мг таблеткалары" сөздерінен кейін ", 8мг" сөзімен толықтырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Моксонидин 0,2 мг, 0,3 мг, 0,4 мг қабықшамен қапталған таблеткасы";
"Фозиноприл 10мг, 20мг таблеткасы";
"Бисопролол фумараты 5мг, 10мг таблеткасы";
"Корведилол 6,25мг, 12,5, 25мг таблеткасы";
"Каптоприл 25мг таблеткасы";
12.4-бөлімше "Жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар":
мына жолдармен толықтырылсын:
"Триметазидин 35мг қабықшамен қапталған таблеткасы";
"Добутамин 5 мг/мл инфузияға арналған ерітінді";
12.5-бөлімшеде "Тромбозға қарсы дәрілік заттар":
мына жолдармен толықтырылсын:
"Клопидогрель 75мг қабықшамен қапталған таблеткасы";
12.6-бөлімшеде "Облитерирлеуші ауруларында қолданылатын дәрілік заттар":
"Алпростадил" жолында:
"20 мкг инфузияға арналған ерітіндісі; 10 мкг, 20 мкг иньекцияға арналған ұнтақ (ишемия ахуалындағы қысылған жағдайда)" сөздері "инфузиондық ерітінді дайындау үшін 20мкг лиофилизиреленген ұнтақ (ишемия ахуалындағы қысылған жағдайда)" сөздерімен ауыстырылсын;
12.7-бөлімшеде "Антихолестринеминды препараттар";
"Ловастатин" сөзі "Симвастатин" сөзімен ауыстырылсын;
17-бөлімде "Ас қорыту ағзасындағы ауруларға қолданылатын дәрілік заттар":
17.1-бөлімде "Антацидті және жараға қарсы дәрілік заттар";
"Рабепрозол" жолында:
"20мг, 40мг таблетка" сөздері "10мг, 20мг таблетка;" сөздерімен ауыстырылсын;
17.9-бөлімшеде "Гепатопротекторлы әрекетіндегі дәрілік заттар":
"Урсодезоксихольды қышқылы" жолында:
"таблетка" сөзі "капсула" сөзімен ауыстырылсын;
18-бөлімде "Гормондар және эндокринді дәрілік заттар мен контрацептивтер";
18.1-бөлімшеде "Кортикостероидтар және синтетикалық аналогтары":
"Метилпреднизолон" жолында:
"40мг/мл, 80мг/мл" сөздері мынандай редакцияда жазылсын:
"40 мг/мл, 125 мг/2мл, 250мг/4мл" сөздерімен ауыстырылсын;
19-бөлімде "Иммунологиялық заттар":
19.2-бөлімшеде "Сывороткалар, иммуноглобулиндер, анатоксиндер":
мына жолдармен толықтырылсын:
"Гемагглютинин - А түрлі ботулинді токсин комплексы (балалардың церебральды параличын емдеу үшін) 100 000 КИЕ/10мл, 500 000КИЕ, 20 000МЕ/2мл иньекция дайындау үшін ұнтақ";
19.3-бөлімшеде "Иммуномодуляторлар. Цитокиндер":
"Интерферон - бета 1" мына редакцияда жазылсын;
"Интерферон - бета 1в, 1а 6 млн. БҰ, 12 млн. БҰ иньекцияға арналған ерітінді; 9,6 млн. БҰ иньекцияға арналған лиофилизирленген ұнтақ";
мына жолдармен толықтырылсын:
"Интерлейкин - 2 иньекция дайындауға арналған 0,25мг, 1мг лиофилизирленген ұнтақ";
21-бөлімде "Офтальмологиялық дәрілер":
мына жолдармен толықтырылсын:
"Көздік дәрілік заттар (тамшылар, майлар, ерітінділер) құрамында антибактериальды заттар, кортикостероидтар, витаминдер";
22-бөлімде "Миометрия жиырылғыш белсенділігін төмендететін немесе жоғарылататын заттар":
22.2-бөлімшеде "Миометрия жиырылғыш белсенділігін төмендететін заттар":
"Гексопреналин" жолында:
"500 мг" сөзі "500 мкг" сөзімен ауыстырылсын;
24-бөлімде "Психотерапевтикалық дәрілік заттар":
24.1-бөлімшеде "Антипсихотикалық дәрілік заттар";
"Оланзапин" жолында:
"5мг, 10мг таблеткасы" сөздерінен кейін "5мг, 10мг таблеткасы, 10мг инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ;" сөздерімен толықтырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Метилгидроксипиридин сукцинат 0,125мг таблеткасы, 50мг/мл инъекцияға арналған ерітінді";
24.2-бөлімшеде "Көңіл-күй бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттар. Антидепрессанттар":
"Имипрамин" жолында:
"250мг/2мл" сөзі "25мг/2мл" сөзімен ауыстырылсын;
мына жолдармен толықтырылсын:
"Тианептин 12,5мг қабықшамен қапталған таблеткасы";
"Дисульфирам 0,15г таблеткасы";
"Налтрексон гидрохлориді 50мг таблеткасы, капсуласы";
24.3-бөлімше "Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар":
мына жолдармен толықтырылсын:
"Мидазолам 15мг таблеткасы, 5мг/мл инъекцияға арналған ерітінді";
25-бөлімде "Тыныс мүшелері аурулары кезінде қолданылатын дәрілік заттар":
25.1-бөлімшеде "Бронхтық демікпе мен өкпенің созылмалы тарылу ауруларында қолдануға арналған дәрілік заттар":
"Флютиказон" жолында:
"Флютиказон 60 мөлшер, 120 мөлшер" сөздері "50 мкг/доза, 125 мкг/доза, 250 мкг/доза" сөздермен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы жолымен толықтырылсын:
"25/50мкг, 25/125 мкг, 25/250мкг Сальметерол + Флютиказон аэрозолі".