Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме «Байконур» космического ракетного комплекса «Байтерек» от 22 декабря 2004 года

Заң · № 218-VIII · қабылданған 18.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2004/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме «Байконур» космического ракетного комплекса «Байтерек» от 22 декабря 2004 года Қолданыста Заң ·№ 218-VIII ·18.09.2025
18.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме «Байконур» космического ракетного комплекса «Байтерек» от 22 декабря 2004 года

Қолданыста Заң ·№ 218-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании на космодроме «Байконур» космического ракетного комплекса «Байтерек» от 22 декабря 2004 года
Атауы (қаз.)
2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
218-VIII
Қабылданған күні
18.09.2025
Көрсетілген редакция
18.09.2025 214420_782360.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2500000218
ЭКБ идентификаторы
214420
Редакция идентификаторы
214420_782360
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:13

0 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 30 мамырда Байқоңырда жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісімнің 5-бабында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын 2025 жылы қамтамасыз етеді.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2027 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақтық ұшырылуын жүзеге асыруды;";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2028 - 2039 жылдар аралығы кезеңінде жылына кемінде үш рет үшыру "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2028 - 2039 жылдар аралығы кезеңінде "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.".

2 2-бап

Келісімнің 6-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;".

3 3-бап

Келісімнің 8-бабында:
а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) Бірлескен кәсіпорынның, Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдары мердігерлерінің ғарыш кеңістігінде тікелей орындалатын (көрсетілетін) жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне), сондай-ақ тікелей ғарыш кеңістігінде жұмыстарды орындаумен (қызметтер көрсетумен) технологиялық негізделген және тығыз байланысты жердегі дайындық жұмыстарына (көрсетілетін қызметтерге) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы және бейрезиденттік үшін қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемені қолданатын орындаушы ұйымдар осы Келісімнің 7-бабында көрсетілген орындаушы ұйымдардың тізбесінде айқындалуға тиіс.
Қосылған құн салығы бойынша және бейрезиденттік үшін қосылған құн салығы бойынша нөлдік мөлшерлемені қолдану үшін мыналар:
Бірлескен кәсіпорын үшін - осы Келісімге қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері;
орындаушы ұйымдар үшін - Бірлескен кәсіпорынмен тікелей жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және Бірлескен кәсіпорын үшін жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері;
Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымдарының мердігерлері үшін - Бірлескен кәсіпорынмен жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарты (келісімшарты) бар орындаушы ұйыммен тікелей жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) арналған шарт (келісімшарт) және орындаушы ұйым үшін жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) растайтын құжаттардың көшірмелері негіз болып табылады. Бұл ретте мердігердің Қазақстан Республикасының орындаушы ұйымы үшін жұмыстарды орындауына (қызметтерді көрсетуіне) арналған нұсқау және мердігер орындайтын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері Бірлескен кәсіпорын мен орындаушы ұйым арасында жасалған шартта (келісімшартта) айқындалуға тиіс;";
б) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) Бірлескен кәсіпорынды "Зенит-М" ғарыш зымыран кешені жалға беруден шығарылған күннен бастап және мемлекеттік қабылдау комиссиясы "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін пайдалануға қабылдаған күннен бастап 15 жыл өткенге дейін осы Келісімге қосымшада көрсетілген жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынатын корпоративтік кірістер бойынша табыс салығын төлеуден босату;".

4 4-бап

Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өзінің қолданылуын Келісіммен бір мезгілде тоқтатады.
2024 жылғы "30" мамырда Байқоңыр қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы