О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» и от 13 ноября 2014 года № 1196 «Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» и от 13 ноября 2014 года № 1196 «Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 667
- Қабылданған күні
- 21.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2023 115453_653791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1700000667
- ЭКБ идентификаторы
- 115453
- Редакция идентификаторы
- 115453_653791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:34
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
«2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» деген бөлімде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;»;
34) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24 көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
25) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;»;