О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" и от 9 ноября 2011 года № 1312 "Об утверждении Правил использования объектов и помещений в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" и от 9 ноября 2011 года № 1312 "Об утверждении Правил использования объектов и помещений в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1422
- Қабылданған күні
- 09.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2015 AI68475_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200001422
- ЭКБ идентификаторы
- 68475
- Редакция идентификаторы
- AI68475_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:55
0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1312 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«79) заңды тұлғаларға түрлі-түсті көшіру-көбейту техникасын, жарылғыш, күшті әсер ететін улы заттарды сатып алуға, сақтауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтік қаруларды және оның оқтарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; ату тирлері мен стендтерін, штемпельді-граверлік кәсіпорындарды ашу мен олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға азаматтық қару және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруді жүзеге асырады;»;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.