О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 442
- Қабылданған күні
- 02.06.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2023 182465_636900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000442
- ЭКБ идентификаторы
- 182465
- Редакция идентификаторы
- 182465_636900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:34
0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 147-1), 147-2), 147-3) және 147-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«147-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарына қызметке алғаш рет кіретін азаматтардың тағылымдамадан (сынақ мерзімінен) өту тәртібі мен шарттарын бекітеді;
147-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдары арнаулы көлік құралдарының тізбесін бекітеді;
147-3) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
147-4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық қарап-тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;».