Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қаулы · № 222 · қабылданған 10.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2005-no-607-ekb-209022/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 222 ·10.04.2025
10.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 222 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222
Қабылданған күні
10.04.2025
Көрсетілген редакция
10.04.2025 209022_752537.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000222
ЭКБ идентификаторы
209022
Редакция идентификаторы
209022_752537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:07

0 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы

№ 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8), 32-9) және 32-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-3) күзет қызметі саласындағы салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
32-4) күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты әзірлейді және жаңартады;
32-5) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты бекітеді;
32-6) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
32-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
32-8) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
32-9) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;
32-10) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 56-1) және 56-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«56-1) ішкі істер органдарының қызметкерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін бекітеді;
56-2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:
«78-1) азаматтарға құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды босату құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдардың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тізбесін келіседі;»;
82) тармақша алып тасталсын;
100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«100) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 114-1) тармақшамен толықтырылсын:
«114-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 148-1) тармақшамен толықтырылсын:
«148-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысымен бірлесіп психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 175-1) тармақшамен толықтырылсын:
«175-1) құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ішкі істер органдарының Астана және Алматы қалаларында орналасқан медициналық ұйымдарына жіберу тәртібін белгілейді;»;
19-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;»;
13) тармақша алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы