Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"

Бұйрық · № 350 · қабылданған 22.07.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2007-no-183-ekb-41116/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров" Күшін жойған Бұйрық ·№ 350 ·22.07.2008
23.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 350 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"
Атауы (қаз.)
"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
350
Қабылданған күні
22.07.2008
Көрсетілген редакция
23.12.2011 AI41116_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005277_
ЭКБ идентификаторы
41116
Редакция идентификаторы
AI41116_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:03

0 "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4742 болып тіркелген, 2007 жылғы 27 шілдедегі N 114 (1143) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сертификаттау жөніндегі ұйымдар оларды аккредиттеуден өткізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелері:
қызметінің негізгі түрлерінің бірі бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым ретіндегі қызмет етіп көзделген жарғысының;
мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
статистикалық карточка;
3) осы Ережеге 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымдар жұмыс органдарының құрылымы, бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
4) осы тармақшада көрсетілген пәндер бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар, оның ішінде:
кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже мыналардың көрсетілуімен:
тест сұрақтары мен ахуалдық міндеттерді қамтитын емтихандық модульдердің құрылымы;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы;
кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргізу мерзімдерін;
кандидат нәтижені бекіткен күннен бастап келесі үш жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша, нәтижені бекіткен күннен бастап келесі бес жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша оң нәтиже алуы;
жекелеген пәндер бойынша үш жылдың ішінде қатарынан үш реттен астам теріс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуі;
кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
осы Ережеге 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекітілген ереже;
комиссияның (кеңестің) арызы мен шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, емтихандардың нәтижелері бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, арыздарды беру мерзімін және арыздарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, ол туралы бекітілген ереже;
осы Ережеге 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәліметтер;
кандидаттарды сертификаттау жөніндегі күндізгі оқыту түрі бойынша, осы Ережеге 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшін қажетті мынадай пәндерді қамтитын бекітілген бағдарламалары:
"Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп",
"Салық және салық салу",
"Азаматтық құқық";
үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген кестесі. Емтихандарды өткізу осы Ереженің 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
"Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кемінде 200 тест сұрақтары мен 100 міндеттен, осы Ережеге 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір міндеттен тұратын емтихандық модульдер; "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - осы Ережеге 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде 500 міндет және/немесе тест сұрақтары;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеріс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңартып отыру;
6) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәріс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекітілген материалдар;
7) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификатының жобасы.
3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы 5-абзацпен толықтырылсын:
"заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөніндегі емтихан модульдерін толық және пәндер бойынша қолдану";
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 10-1, 10-2 және 10-3 тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар емтихандық комиссия мүшелерін қабылдау (кету, шығару) жағдайларында бұл өзгерістер туралы 15 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етулері тиіс.
4-2. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейінгі 3 ай алдын осы Ережеде белгіленген тәртіппен құжаттарын уәкілетті органға ұсынады.
10-1. Аккредиттеу туралы куәлігі берілген сәттен бастап, алты ай өткеннен соң сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылдары туралы келісімді ұсынады, оның ішінде мынадай мазмұнды қамтитын:
кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңарту кезінде қатысуы;
кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық процесте, оның ішінде комиссия құрамында, бақылаушы болып қатысуы;
кәсіби ұйым мүшелерінің апелляциялық комиссия құрамында қатысуы.
10-2. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен келісім жасасқан сәтінен бастап жүзеге асырады.
10-3. Тестілік сұрақтар және жағдайларға байланысты есептер мерзімдік баспа беттерінде және/немесе сертификаттау жөніндегі ұйымдардың web-сайттарында олардың мерзімдік жаңартылуымен жарияланады.";
осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларына сәйкес 4-1 , 4-2 , 4-3 , 4-4 , 4-5 , 4-6 , 4-7 , 7-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген ережеге 5-қосымшада:
"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы" деген сөздер "Басшы (уәкілетті тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ережеге 6-қосымшада:
"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның басшысы" деген сөздер "Басшы (уәкілетті тұлға)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызмет пен қаржылық бақылауды дамыту департаменті (Ж. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Сертификаттау жөніндегі ұйымның (ұйымның құрылымдық бөлімшесінің) материалдық-техникалық жарақтанғандығының болуы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
1-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-1-қосымша
Сертификаттау жөніндегі ұйымның (ұйымның құрылымдық бөлімшесінің) материалдық-техникалық жарақтанғандығының болуы туралы мәлімет
Дәрістік және семинарлық оқулар үшін үй-жайлар мамандандырылған жиһазбен және иллюстрациялық материалдарды демонстрациялау үшін пайдаланылатын техникалық оқу құралдарымен жинақталады.
Жабдықтар тыңдаушылардың бір ағымына бір дәрістік аудитория және бір оқу тобына арналған семинарлық сабақтар үшін бір аудитория есептен анықталады (ағымдардың санын, ұйым, тыңдаушылар саны мен сабақтардың өткізілу ерекшелігіне қарай белгілейді).
Сертификаттау жөніндегі ұйым (ұйымның құрылымдық бөлімшесі) кестеде келтірілген үлгілік жабдықпен немесе функционалдық тағайындалуы және техникалық параметрлері бойынша соған ұқсас жабдықпен жинақталады.
N
р/с
Ата­уы
1 тың­да­у­шы­ға
ти­іс­ті­лі­гі
(да­на/кв.м)
Оқы­ту­шы­лар/
тың­да­у­шы­лар,
адам са­ны
Жал­пы
қа­жет­ті­лік
1
2
3
4
5=3*4
1
Тың­да­у­шы­лар­дың ағы­ны
бой­ын­ша дә­рі­стік
са­бақ­тар жүр­гі­зу
үшін оқу ауди­то­рияла­ры, жа­рақ­тал­ған:
1.1
Тех­ни­ка­лық оқу
құ­рал­да­ры­мен
1.1.1
Экран
1.1.2
Про­ек­тор
1.1.3
Экран­ға және
про­ек­тор­ға қыз­мет
көр­се­ту үшін қа­жет
болған кез­де,
ком­пью­тер
1.2
Ар­найы жи­һаз­бен және
ұй­ым­да­сты­ру құ­рал­дары­мен
1.2.1
Бор­мен неме­се
фло­ма­стер­мен жазуға
ар­нал­ған ауди­то­риялық тақ­та
1.2.2
Ка­фед­ра-мін­бе
1.2.3
Лек­тор үшін үстел
1.2.4
Лек­тор үшін орын­дық
1.2.5
Ауди­то­ри­я­лық үстел
1.2.6
Ауди­то­ри­я­лық орын­дық
2.
бір топ тың­да­у­шы­ларға се­ми­нар са­бақ­тарын жүр­гі­зу үшін
оқу ауди­то­ри­я­ла­ры,
жа­рақ­тал­ған:
2.1
Тех­ни­ка­лық оқу
құ­рал­да­ры­мен
2.1.1
Экран
2.1.2
Про­ек­тор
2.1.3
(есеп­теу мін­дет­те­рі
бар са­бақ­тар үшін)
және оның ішін­де
экран­ға және
про­ек­тор­ға қыз­мет
көр­се­ту үшін қа­жет
болған кез­де,
ком­пью­тер
2.2
Ар­найы жи­һаз­бен және
ұй­ым­да­сты­ру
құ­рал­да­ры­мен
2.2.1
Бор­мен неме­се
фло­ма­стер­мен жазуға
ар­нал­ған ауди­то­ри­я­лық тақ­та
2.2.2
Ка­фед­ра-мін­бе
2.2.3
Оқы­ту­шы үшін үстел
2.2.4
Оқы­ту­шы үшін орын­дық
2.2.5
Ауди­то­ри­я­лық үстел
2.2.6
Ауди­то­ри­я­лық орын­дық

2 Емтихандық комиссияның құрамы*

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
2-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-2-қосымша
Емтихандық комиссияның құрамы*
N
р/с
Те­гі,
аты-жө­ні
Негіз­гі
жұ­мыс ор­ны,
ла­у­а­зы­мы
Ме­кен-жайы,
те­ле­фо­ны,
элек­трон­дық
ме­кен-жайы
бух­гал­тер­лік
есеп және/
неме­се
қар­жы­лық
есеп­ті­лік
және/неме­се
аудит
са­ла­сын­да­ғы
соң­ғы 7
(же­ті) жыл­дан
ке­мін­де
5(бес) жыл
ең­бек өті­лі
Кә­сі­би
бі­лім­де­рін
рас­тай­тын
құ­жат­тар,
(ата­уы,
кім
бер­ген,
бе­рі­л­ген
кү­ні,
нө­мі­рі)**
1
2
3
4
5
6
Тө­ра­ға
Ко­мис­сия
мү­ше­ле­рі:
Хат­шы***
Ескертпе:
*кемінде бес мүше
** жұмыс өтілін растайтын, жұмыс берушінің, күні және оның тоқтатылу негіздемесін белгілеген жазуы бар еңбек кітапшасының және/немесе шарттың нотариалдық расталған көшірмесі; кәсіби білімдерін растайтын дипломның және/немесе сертификаттың, және/немесе куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі
*** дауыс беру құқығынсыз
Бухгалтерлерді
      кәсіби сертификаттау
      жөніндегі ұйымның басшысы  ___________  ___________________
                                   (қолы)       (тегі, аты-жөні)
      М.О.   ________________
                  (күні)

3 Оқытушылар туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
3-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-3-қосымша
Оқытушылар туралы мәліметтер
N
р/с
Оқы­тушы­ның
те­гі,
атыжө­ні
Ди­пло­мы, сер­ти­фика­ты,
ку­ә­лі­гі
(ата­уы,
кім
бер­ген,
бе­рі­л­ген
кү­ні,
нө­мі­рі)
Негіз­гі
жұ­мыс
ор­ны
ла­у­а­зы­мы
Жұ­мыс
өті­лі
Ем­тихандық
пән­нің
ата­уы
Ме­кенжайы,
те­ле­фон,
электрон­дық
ме­кенжайы
1
2
3
4
5
6
7
8
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
      жөніндегі ұйымның басшысы  ___________  ___________________
                                   (қолы)       (тегі, аты-жөні)
      М.О.   ________________
                  (күні)

4 Емтихандық пән бойынша оқу бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
4-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-4-қосымша
"Бекітемін"
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы
_____________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні
Емтихандық пән бойынша оқу бағдарламасы
___________________________
(пәннің атауы)

1 1. Емтихандық пән бойынша бағдарламаның автор(лар)ы.

2 2. Мақсаты және міндеттері.

3 3. Бағдарламаның мазмұны:

а а) кіріспе бөлім;

б б) тақырыптар*: құрылымы және мазмұны;

в в) пайдаланылған әдебиет;

г г) таратылатын материалдар тізбесі.

4 4. Сағаттардың тақырыптық есептелуі:

Та­қы­рып N
та­қы-
рып­тың
ата­уы
Дә­рі­стер
(са­ғат-
тар)
Се­ми-
нар­лар
(са-
ғат-
тар)
Са­ғат­тар-
дың бар-
лы­ғы (ке-
мін­де 80
ака­дем.
сағ.
(3-топ+4-
топ)
өзін­дік
жұ­мыс
(ке­мін-
де 40
ака­дем.
сағ.)
Жиы­ны
(ке­мін­де
120
ака­дем.
сағ.)
1
2
3
4
5
6
7
1-та­қы­рып, 2-та­қы­рып, 3-та­қы­рып және т.б.
Бағдарлама автор(лар)ының қолы______________
Ескертпе:
* "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Азаматтық құқық", "Салық және салық салу" пәндері бойынша тақырыптар Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 4-5, 4-6 және 4-7 қосымшаларға сәйкес.

5 "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары" пәні бойынша тақырыптар тізбесі*

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
5-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-5-қосымша
"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары" пәні бойынша тақырыптар тізбесі*
1
1 (IAS) "Қар­жы­лық есеп­ті­лік­ті ұсы­ну" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
2
2 (IAS) "Қор­лар" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
3
7 (IAS) "Ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы есеп­тер"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
4
8 (IAS) "Есеп са­я­са­ты, бух­гал­тер­лік ба­ға­лар­да­ғы өзге­рі­стер мен қа­те­лер" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
5
10 (IAS) "Есеп­ті күн­нен кей­ін­гі оқи­ға­лар" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
6
11 (IAS) "Құ­ры­лы­сқа шар­ттар" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
7
12 (IAS) "Та­быс­қа са­лы­на­тын са­лық­тар" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
8
16 (IAS) "Негіз­гі құ­рал­дар" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
9
17 (IAS) "Жал­дау" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік
стан­дар­ты
10
18 (IAS) "Тү­сім" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
11
19 (IAS) "Қыз­мет­кер­лер­ге сый­а­қы" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
12
20 (IAS) "Мем­ле­кет­тік кө­мек­ті есеп­ке алу және мем­ле­кет­тік
кө­мек ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ашу" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
13
21 (IAS) "Ва­лю­та­лар­дың ай­ыр­ба­стау ба­ғам­да­ры­ның әсе­рі"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
14
23 (IAS) "Қары­здар бой­ын­ша шы­ғын­дар" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
15
24 (IAS) "Бай­ла­ны­с­қан та­рап­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ашу"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
16
26 (IAS) "Зей­не­та­қы жос­пар­ла­ры бой­ын­ша есеп және
есеп­ті­лік" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
17
27 (IAS) "Бі­рік­ті­рі­л­ген және же­ке қар­жы­лық есеп­ті­лік"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
18
28 (IAS) "Ас­со­ци­я­лан­ған кә­сі­по­рын­дар­ға ин­ве­сти­ци­я­лар"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
19
29 (IAS) "Ги­пе­рин­фля­ци­я­лық эко­но­ми­ка­да­ғы қар­жы­лық
есеп­ті­лік" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
20
31 (IAS) "Бір­лес­кен кә­сіп­кер­лік­те қа­ты­су" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
21
32 (IAS) "Қар­жы­лық құ­рал­дар: ақ­па­рат ұсы­ну" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
22
33 (IAS) "Ак­ци­я­ға та­быс" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік
стан­дар­ты
23
34 (IAS) "Ара­да­ғы қар­жы­лық есеп­ті­лік" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
24
36 (IAS) "Ак­тив­тер­дің құн­сызда­нуы" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
25
37 (IAS) "Ба­ға­лау ре­зерв­те­рі, шар­тты мін­дет­тер және
шар­тты ак­тив­тер" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
26
38 (IAS) "Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
27
39 (IAS) "Қар­жы­лық құ­рал­дар: та­ну және өл­шеу"
Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
28
40 (IAS) "Ин­ве­сти­ци­я­лық мү­лік" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
29
41 (IAS) "Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
30
1 (IFRS) "Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дарт­та­ры­ның
бі­рін­ші қол­да­ны­луы" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік
стан­дар­ты
31
2 (IFRS) "Ак­ци­я­лар­ға негіз­дел­ген тө­лем" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
32
3 (IFRS) "Биз­нес бір­ле­стікте­рі" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
33
4 (IFRS) "Сақ­тан­ды­ру шар­тта­ры" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
34
5 (IFRS) "Са­ту үшін та­ғай­ын­дал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
және тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік
стан­дар­ты
35
6 (IFRS) "Пай­да­лы қаз­ба­лар­дың қор­ла­рын бар­лау және
ба­ға­лау" Ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
36
7 (IFRS) "Қар­жы­лық құ­рал­дар: ақ­па­рат ашу" Ха­лы­қа­ра­лық
қар­жы­лық есеп­ті­лік стан­дар­ты
37
8 (IFRS) "Опе­ра­ци­я­лық сег­мент­тер" ха­лы­қа­ра­лық қар­жы­лық
есеп­ті­лік стан­дар­ты
Ескертпе:
* тізім уәкілетті органмен мерзімді түрде жаңартылып отырады,
** осы пән бойынша білім тексеру есептік және дискуссиялық бөлімдерді қамтитын бес сұрақтан тұратын үш сағаттық жазбаша емтихан жолымен жүргізіледі. Топты біріктірілген қаржылық есептілікті дайындау бойынша сұрақ міндетті болып табылады.
Сұрақтардың есеп бөлімдері кәсіби бухгалтерлікке кандидаттың есептілікті дайындау қағидаттарын, ХҚЕС стандарттарының маңызды элементтерін түсінетінін анықтау мақсатында құрылуы тиіс.

6 "Салық және салық салу" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
6-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-6-қосымша
"Салық және салық салу" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер жүйесі
2-тақырып. Салықтық қарым-қатынастардың субъектілері
3-тақырып. Салықтық міндеттеме және оның орындалуы
4-тақырып. Салықтық бақылау
5-тақырып. Салықтық заңнаманы бұзушылық және оларды жасағаны үшін жауапкершілік
6-тақырып. Корпоративтік табыс салығы
7-тақырып. Жеке табыс салығы
8-тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС)
9-тақырып. Акциздер
10-тақырып. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына ренталық салық
11-тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың салық және арнаулы төлемдері
12-тақырып. Әлеуметтік салық
13-тақырып. Жер салығы
14-тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық
15-тақырып. Мүлік салығы
16-тақырып. Ойын бизнесіне салынатын салық
17-тақырып. Алымдар
18-тақырып. Төлемақылар
19-тақырып. Мемлекеттік баж
20-тақырып. Кеден төлемдері
21-тақырып. Зейнеттілік қамтамасыз ету.

7 "Азаматтық құқық" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
7-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
4-7-қосымша
"Азаматтық құқық" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі
1-тақырып. Жалпы ережелер
2-тақырып. Азаматтық қарым-қатынастардың субъектілері
3-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
4-тақырып. Азаматтық құқықтар объектілері
5-тақырып. Мәмілелер
6-тақырып. Өкілдік. Сенімхат.
7-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер
8-тақырып. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
9-тақырып. Міндеттемелер
10-тақырып. Шарт
11-тақырып. Еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеу
12-тақырып. Зияткерлік меншігі
13-тақырып. Банк ісі
14-тақырып. Сақтандыру
15-тақырып. Зейнеткерлік қамтамасыз ету.

8 Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы (логотип)

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 350 бұйрығына
8-қосымша
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын
және бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды
аккредиттеу Ережесіне
7-қосымша
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
(уәкілетті тұлға)
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы (логотип)
Кәсіби бухгалтердің сертификаты N ___
____________N_____
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның
                    аккредиттелгені туралы куәлікті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берді
Кәсіби бухгалтердің осы сертификаты _________ ______________________
(күні) (Тегі, аты-жөні)
мырзаға (ханымға) берілді.
Емтихандық комиссияның төрағасы __________________
(Тегі, аты-жөні)
Бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі
ұйымның басшысы ______________________
(Тегі, аты-жөні)
М.О.
қаланың атауы

Қолданыстағы