О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"
- Атауы (қаз.)
- "Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 23.07.2010
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2011 AI54175_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V100006409_
- ЭКБ идентификаторы
- 54175
- Редакция идентификаторы
- AI54175_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:43
0 "Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына сәйкес және «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 тіркелген, «Заң газетасы» атты газетада 2007 жылғы 27 шілдедегі № 114 (1143) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiнде:
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: жарғы және мемлекеттiк тiркелгенi туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен статистикалық карточкасы берiлгенi туралы куәлiктер (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері);»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мына құрылтайшы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етiп көзделген жарғы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiк, статистикалық карточка (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған көшірмелері);»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.».