Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 406 "Об утверждении Правил формирования идентификационного номера, Правил обращения физических и юридических лиц (филиалов и представительств), а также индивидуальных предпринимателей для формирования идентификационного номера и переоформления ранее выданных документов"

Қаулы · № 853 · қабылданған 26.08.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2007-no-406-ekb-74078/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 406 "Об утверждении Правил формирования идентификационного номера, Правил обращения физических и юридических лиц (филиалов и представительств), а также индивидуальных предпринимателей для формирования идентификационного номера и переоформления ранее выданных документов" Күшін жойған Қаулы ·№ 853 ·26.08.2013
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 406 "Об утверждении Правил формирования идентификационного номера, Правил обращения физических и юридических лиц (филиалов и представительств), а также индивидуальных предпринимателей для формирования идентификационного номера и переоформления ранее выданных документов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 853 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 406 "Об утверждении Правил формирования идентификационного номера, Правил обращения физических и юридических лиц (филиалов и представительств), а также индивидуальных предпринимателей для формирования идентификационного номера и переоформления ранее выданных документов"
Атауы (қаз.)
"Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
853
Қабылданған күні
26.08.2013
Көрсетілген редакция
01.09.2023 74078_653433.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000853
ЭКБ идентификаторы
74078
Редакция идентификаторы
74078_653433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:26

0

"Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлғаға құрылады. ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды.
Бақылауды жүзеге асыру және клавиатура арқылы енгізу кезіндегі қателікті азайту мақсатында ЖСН құрамында бақылаушы 12-разрядтың болуы көзделеді, оны есептеу кезінде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылатын болады:
а12 = (al bl + а2 b2 + а3 b3 + а4 b4 + а5 b5 + а6 b6 + а7 b7 + а8 b8 + a9 b9 + al0 bl0 + a11 b11)mod 11, мұндағы:
ai - ЖСН і-разрядының мәні;
bi - і-разрядының салмағы;
Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтардың басқа дәйектілігімен жүзеге асырылады:
ЖСН разрядының мәні: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11;
разряд салмағы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 1, 2;
Егер алынған сан 0-ден 9-ға дейінгі мәнге ие болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын комбинация түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы