Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 октября 2007 года № 501 «Об утверждении Типовых правил деятельности попечительского совета и порядок его избрания»

Бұйрық · № 715 · қабылданған 22.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2007-no-501/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 октября 2007 года № 501 «Об утверждении Типовых правил деятельности попечительского совета и порядок его избрания» Күшін жойған Бұйрық ·№ 715 ·22.12.2016
27.07.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 октября 2007 года № 501 «Об утверждении Типовых правил деятельности попечительского совета и порядок его избрания»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 715 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 октября 2007 года № 501 «Об утверждении Типовых правил деятельности попечительского совета и порядок его избрания»
Атауы (қаз.)
«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
715
Қабылданған күні
22.12.2016
Көрсетілген редакция
27.07.2017 109499_235454.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014751
ЭКБ идентификаторы
109499
Редакция идентификаторы
109499_235454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:46

0 «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны

сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрі міндетін атқарушының
2007 жылғы 22 қазандағы № 501
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1213) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса  беріліп  отырған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағиданы, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;
4) демеушілер кіруі мүмкін.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:
1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;
2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;
5) білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:»;
1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;
2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;
3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;
4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады;
5) білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.»;
3-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату»;
16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:».

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет

министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы