Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 22 августа 2008 года № 01-08/142 "Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и судейских категорий по спорту"

Бұйрық · № 344 · қабылданған 26.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2008-no-01-08142/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 22 августа 2008 года № 01-08/142 "Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и судейских категорий по спорту" Күшін жойған Бұйрық ·№ 344 ·26.09.2013
29.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 22 августа 2008 года № 01-08/142 "Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и судейских категорий по спорту"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 344 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 22 августа 2008 года № 01-08/142 "Об утверждении Правил присвоения спортивных званий, разрядов и судейских категорий по спорту"
Атауы (қаз.)
"Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің м.а. 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер бойынша
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
344
Қабылданған күні
26.09.2013
Көрсетілген редакция
29.07.2014 AI75145_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008865
ЭКБ идентификаторы
75145
Редакция идентификаторы
AI75145_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:14

0 "Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің м.а. 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер бойынша

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5306 тіркелді; «Заң газеті» газеті 2008 жылғы 16 қазан, № 158 (1384), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж., № 10) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесінде:
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
Қазақстан Республикасының спорт шебері.»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын, осы бұйрықтың 15-1-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери орталық спорт клубының, спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.».

2 2. Дене шынықтыру департаменті (Қ.М. Қазбеков):

1 1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Баспасөз қызметі осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары

Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы