О внесении изменений в решение акима Аккудыкского сельского округа от 22 декабря 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенных пунктов Аккудыкского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аккудыкского сельского округа от 22 декабря 2008 года № 1 «О присвоении названий улицам населенных пунктов Аккудыкского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 27.02.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2017 111385_177612.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CHL05359
- ЭКБ идентификаторы
- 111385
- Редакция идентификаторы
- 111385_177612
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:59
0 Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 және Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген) және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 наурыздағы № 374 және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 83 «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Степь селосын Қарабұлақ ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3369 тіркелген) сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімінің деректемелерінде «аульного» сөзі «сельского» сөзімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі шешімінің атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «названий» және «названия», «назваение» сөздері «наименований», «наименования» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1 тармағындағы «Веренка» сөзі «Достық» сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 4 тармағындағы «Степь» сөзі «Қарабұлақ» сөзімен ауыстырылсын.