О внесении изменений в решение акима Аккудыкского сельского округа от 22 декабря 2008 года № 1 «О присвоении наименований улицам населенных пунктов Аккудыкского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аккудыкского сельского округа от 22 декабря 2008 года № 1 «О присвоении наименований улицам населенных пунктов Аккудыкского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 18.06.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2018 123270_336185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CHL00185
- ЭКБ идентификаторы
- 123270
- Редакция идентификаторы
- 123270_336185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:02
0 Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 «Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-70 болып енгізілген, 2009 жылғы 7 қаңтарында аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қазақ тіліндегі мәтінінде «Бауржан Момышулы», «Сейфулин», «Қарабұтақ» сөздері «Бауыржан Момышұлы», «Сейфуллин», «Қарабұлақ» сөздерімен ауыстырылсын;
шешімінің қазақ тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы «Рыбаковка» сөзі «Жаңажол» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімінің орыс тіліндегі мәтінінде «Сейфулин» сөзі «Сейфуллин» сөзімен ауыстырылсын;
шешімінің орыс тіліндегі мәтіннің 2 тармағындағы «Первомайка» сөзі «Жанажол» сөзімен ауыстырылсын.