Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе"

Ереже · № С-17/5 · қабылданған 20.07.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2008-no-116-ekb-47337/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе" Күшін жойған Ереже ·№ С-17/5 ·20.07.2009
26.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ С-17/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг и услуг связи в Енбекшильдерском районе"
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы" № С-11/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-17/5
Қабылданған күні
20.07.2009
Көрсетілген редакция
26.04.2013 47337_202693.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BJ000092
ЭКБ идентификаторы
47337
Редакция идентификаторы
47337_202693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:45

0

Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы "Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы" № С-11/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысының негізінде, Eңбекшілер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы «Еңбекшілдер ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелерін бекіту туралы» № С-11/6 шешіміне (2009 жылғы 13 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде, 2009 жылғы 14 ақпанда аудандық «Сельская новь» газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-81 тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) шешімнің атауындағы «және» сөзінен кейін «абоненттік телефон» сөздерімен толықтырылсын;

2 2) көрсетілген шешіммен бекітілген аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйлерін (жеке меншіктегі тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстау, коммуналдық және байланыс қызметтерімен пайдалану үшін төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережесінде:

атаудағы мемлекеттік тілдегі «Аз» сөзінің алды «Еңбекшілдер ауданында» сөздерімен толықтырылсын;
атаудағы «және» сөзінен кейін «абоненттік телефон» сөздерімен толықтырылсын;
1 тармақ келесідей редакцияда баяндалсын:
«Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде дайындалды және тұрғын үй көмегін берудің тәртібін анықтайды»;
мемлекеттік тілдегі 4 тармақтағы «қалада» сөзі «жергілікті жерде» сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі 6 тармақтағы «төлеуге» сөзінен кейін «отбасының» сөзімен толықтырылсын, «белгіленді» сөзі «белгіленеді» сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі 8 тармақтағы «канализация» сөзінен кейін «электрмен жабдықтау» сөздерімен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегі Ереженің 19 тармақтағы «жоңары» сөзі «жоғары» сөзімен ауыстырылсын;
4 тарау келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
21. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің иесіне, жалға алушыларға тұрғын үйді жалға алғандығы туралы жалға алу шарты болған кезде беріледі.
22. Жергілікті жылу берілетін үйлерде тұратын отбасыларына тұрғын үй көмегін есептеу үшін, әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес көмір шығыны 1 шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады, бірақ жылына бір отбасына 5 (бес) тоннадан аспауы керек.
23. Отынның құнын есептеу үшін, тұрғын үй көмегі есептелетін тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айында аудандық статистика және ақпарат бөлімі ұсынған аудан бойынша орташа бағасы негізге алынсын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
24. Жергілікті жылу берілетін үйлерде пайдаланылатын отынның басқа түрлерінің құны мен шығын нормаларын, тұрғын үй көмегін есептеу кезінде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеу керек.
25. Көмірді сатып алу маусымдыққа байланысты, тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын есептегенде (көмірдің бағасы), тұрғын үй көмегіне өтініш берілген тоқсанның үш айы есепке алынады.
26. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде үйде тұратын отбасының орташа табысы, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсанның көлемдігіне сай есептеледі.
27. Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар, өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы түбіртектер бойынша есептеледі.
28. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, қайтыс болған адамды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін біржолғы төлемдерден басқа, тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған нақтылы табыстың барлық түрлері есептеледі»;
5 тараудың 23, 24 тармақтары сәйкесінше 29, 30 деп есептелсін;
30 тармақтағы «коммуналдық қызмет көрсететін жеткізушілерге» сөздері алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне еніп, ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі Т. Хамитов
«Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т. Әбуова
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
«Қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Бекенова
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
«Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р. Нұрғалиев

Қолданыстағы