Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно проживающим в Енбекшильдерском районе"

Ереже · № С-12/4 · қабылданған 09.01.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2008-no-116/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно проживающим в Енбекшильдерском районе" Күшін жойған Ереже ·№ С-12/4 ·09.01.2013
26.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно проживающим в Енбекшильдерском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ С-12/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № С-11/6 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно проживающим в Енбекшильдерском районе"
Атауы (қаз.)
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 "Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-12/4
Қабылданған күні
09.01.2013
Көрсетілген редакция
26.04.2013 70408_185747.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BJ003626
ЭКБ идентификаторы
70408
Редакция идентификаторы
70408_185747
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:00

0 Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 "Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың «Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № С-11/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-81 тіркеліп, 2009 жылғы 13 ақпанда аудандық «Жаңа дәуір» газетінде және 2009 жылғы 14 ақпанда аудандық «Сельская Новь» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Еңбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесінде:
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен Енбекшілдер ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) шығындардың орнын толтыру үшін төлеу бойынша:
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар қосымша жалдаушылар болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған шығыстар;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметін тұтыну;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін;
жекешелендірілген үй-жайларда пәтерлерде, жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге көмек көрсетіледі;
аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайын және нысаналы жарналардың мөлшерін айкындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге отбасының жиынтық табысының 15 % (пайыз) мөлшері белгіленеді.»;
14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«14. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.»;
19 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«19. Тұрғын үй көмегі көрсету қызметіне әдейі жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда ол тұрғын үй көмегінің жоғары немесе төмен тағайындалуына әсер етсе заңсыз тағайындалған соманы меншік иесі (жалға алушы) өз еркімен қайтарады, ал ол бас тартқан жағдайда сот арқылы қайтарылады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының әкімі А.Садуақасұлы

Қолданыстағы