О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 22 января 2008 года № 1/56 "О Земельной комиссии города Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 22 января 2008 года № 1/56 "О Земельной комиссии города Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/351
- Қабылданған күні
- 06.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2018 114799_371724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17R0001407
- ЭКБ идентификаторы
- 114799
- Редакция идентификаторы
- 114799_371724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:57
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы» 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы» 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 770 болып тіркелген, 2008 жылғы 1 сәуірде «Вечерний Алматы» және 2008 жылғы 5 сәуірде «Алматы ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы ережедегі:
3 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының қатарынан, Алматы қаласы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы және басқа да органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құрылады.»;
4 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ».
2
2. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы» 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 1/56 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/541 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1209 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.