О внесении изменений в решение Каргалинского районного маслихата от 22 сентября 2008 года № 98 "Об утверждении Правил содержания собак и кошек по Каргалинскому району"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каргалинского районного маслихата от 22 сентября 2008 года № 98 "Об утверждении Правил содержания собак и кошек по Каргалинскому району"
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 98 "Қарғалы ауданы бойынша иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 22.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2010 AI47612_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CF000088
- ЭКБ идентификаторы
- 47612
- Редакция идентификаторы
- AI47612_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:44
0 Қарғалы ауданы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 98 "Қарғалы ауданы бойынша иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Қарғалы аудандық мәслихатының Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қаңтарында № 3-6-77 санымен тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы № 9, "Қарғалы" газетінде жарияланған 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 98 "Қарғалы ауданы бойынша иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 2, 3 тараулар біріктіріліп: 2 тарау."Иттер мен мысықтарды ұстау" болып аталынсын; 2 тараудың бастапқы атауы: 2 тарау. "Иттер мен мысықтардың иелерінің құқықтары мен міндеттері" деген сөйлем алынып тасталынсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4 Қарғалымаудандық мәслихаттың
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 98 шешімімен бекітілген
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 156 шешімімен
өзгерістер енгізілген
Қарғалы ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қарғалы ауданы аумағында барлық заңды және жеке тұлғаларға әрекет етеді.
2 2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
1 1) ит – кез келген ит тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
2 2) мысық - мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне, және басқа да белгілеріне қарамастан;
3 3) ит пен мысықтың иесі – жеке немесе заңды тұлғалар меншігінде ит пен мысығы бар немесе ит пен мысықты асыраушы, күтуші адам не болмаса иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам.
3
3. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын және олардың өлекселелерін жинайтын арнайы қызметтермен жинауға жатады.
Қараусыз жүрген үй жануарларын аулау уақыты аулаумен айналысатын арнайы мекеменің және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде тіркеу журналында жазылған жануардың нақты ұсталған уақыты болып саналады. Тіркеу журналында жануардың түрі, жынысы, түсі, ерекше белгілері және жануарға ұсталғаннан кейінгі қолданған іс-әрекеттер жазылады.
2 2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
4 4. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және басқа да меншік ретінде заңмен қорғалады.
5
5. Ит пен мысықтың иелері итін еркін серуендетуіне болады өзінің жеке үйінің ит шыға алмайтын жақсы қоршалған ауласында адамды немесе жануарларды қауып алу кауіпі болмаған жағдайда, осы аумақта иттің барлығы жөнінде кіреберісте 20х30 сантиметр көлеміндегі, иттің суреті бар "Ит күзетеді" ескерту қойылуы шарт.